Өскемен қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 маусым 2016 ж.

    Өскемен қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27, 50-баптарына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Өскемен қаласы әкімдігінің қаулылары осы қаулыға қосымшаға сай күші жойылды деп танылсын.

    2.«Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңгерлік бөлімі апта мерзімінде әділет органына осы қаулының көшірмесін қоса ұсынумен, әкімдіктің қаулысының күші жойылды деп танылғандығы туралы хабарласын.

    3.«Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімі, «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі апта мерзімінде ресми жариялау көздеріне қаулының көшірмесін қоса ұсынумен, әкімдік қаулысының күші жойылды деп танылғандығы туралы хабарласын.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Е.А. Шурмановқа жүктелсін.

    Өскемен қаласының әкімі

    Е. Аймұқашев

    Өскемен қаласы әкімдігінің

    2016 жылғы « 27 » 06

    №924 қаулысына

    қосымша

    Өскемен қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

    1. 2015 жылғы 09 қарашадағы № 13613 «2016 жылға Өскемен қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4247 тір-келген, 2015 жылғы 23 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 26 желтоқсанда «Дидар», 2015 жылғы 25 желтоқсанда «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған).

    2. 2015 жылғы 08 желтоқсандағы № 14018 «2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4269 тіркелген, 2016 жылғы 13 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 08 қаңтарда «Дидар», 2016 жылғы 09 қаңтарда «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған).

    3. 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 14471 «Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қарашадағы № 13613 «2016 жылға Өскемен қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4398 тіркелген, 2016 жылғы 01 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 04 наурызда «Дидар», 2016 жылғы 03 нау-рызда «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған).

    Өскемен қаласының әкімі аппаратының басшысы

    Е. Шурманов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.