Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» № 107 қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 наурыз 2016 ж.

    Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» № 107 қаулысының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1-бабының талаптарына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» № 107 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 03.04.2012 жылы №10-8-170 болып тіркелген, аудандық «Тіршілік тынысы» газет баспасының 11.04.2012 жылы №29 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Ғ. Қазантаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.