Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 5 мамыр 2016 ж.
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 400 қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 400 «Ақтөбе облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін анықтау туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4616 болып тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде 2015 жылғы 22 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Ақтөбе облысының әкімі
Б. Сапарбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.