Шығыс Қазақстан облысы Әкімиятының Регламентiн бекiту туралы
"Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) Әкімияттарының ұлгi регламенттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 сәуiрдегi N 546 қаулысына сәйкес ШЕШIМ қабылдаймын:
1. Шығыс Қазақстан облыстық Әкімиятының Регламентi бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
2. Аудандар мен қалалардың әкiмдерi "Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімияттарының ұлгi регламенттерiн бекiту туралы" Үкiметтiң 2001 жылғы 24 сәуiрдегi N 546 қаулысын орындау ұшін тиiстi әкімияттардың Регламенттерiн әзiрлеп, бекiтсiн.
3. Осы шешiмнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмi аппаратының басшысына (Ибраев Т.Т.) жұктелсiн.
Шығыс Қазақстан облысының Әкiмi
Облыс Әкiмiнің 2001 жылғы
16 шілдедегі N 1087 шешiмiне
N 1 қосымша
Шығыс Қазақстан облыстық Әкімиятының
РЕГЛАМЕНТI
Жалпы ережелер
1. Шығыс Қазақстан облыстық Әкімиятының (бұдан былай - Әкімият) Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiртұтас жұйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын Шығыс Қазақстан облысын дамытудың мұдделерiмен және қажеттiлiгiмен ұйлестiре жұргiзудi қамтамасыз етедi.
2. Облыс Әкiмi Әкімият құрамын Әкiм орынбасарларынан, облыс Әкiмi аппаратының басшысынан, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады.
Облыс Әкiмi Әкімият мұшелерiнің санын айқындайды.
Облыс Әкiмi Әкімияттың дербес құрамын айқындайды және оны облыстық мәслихат сессиясының шешiмiмен келiсiледi.
3. Әкімият қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен K951000_ , "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Z010148_ Қазақстан Республикасының Заңымен, "Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) Әкімияттарының ұлгi Регламенттерiн бекiту туралы" P010546_ Қазақстан Республикасының қаулысымен реттеледi.
4. Әкімияттың қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi облыс Әкiмiнің аппараты (бұдан әрi - аппарат) жұзеге асырады.
5. Әкімият iс-қағаздарын жұргiзу және Әкімиятқа тұсетiн хат- хабарларды өңдеу аппаратқа жұктеледi және "Әкiмшiлiк ресiмдер туралы" Z000107_ Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің нормативтiк құқықтық актiлерiнің талаптарына сәйкес әзiрленетiн әрi облыс Әкiмi бекiтетiн тәртiппен жұзеге асырылады.
6. Облыс Әкiмiнің орынбасарлары мен аппарат басшысы Әкімияттың және Әкiмнің қарауына енгiзiлетiн актiлер жобалары өтуiнің осы Регламентпен белгiленген тәртiбiнің сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Жұмысты жоспарлау
7. Аппараттың ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлiмi Әкімият мұшелерiнің және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар - басшыларының ұсыныстары бойынша Әкімият мәжiлiстерiнде қаралатын мәселелердiң жарты жылғы тiзбесiн жасайды.
Әкімияттың мәжiлiстерiнде қарауға жоспарланатын мәселелердiң тiзбесiн облыс Әкiм бекiтедi.
Бекiтiлген тiзбе Әкімият мұшелерiне, сондай-ақ қажет болған жағдайда, атқарушы органдардың басшыларына, қалалардың, аудандардың әкiмдерiне және басқа да лауазымды адамдарға таратылады.
Әкiм тиiстi атқарушы органның бiрiншi басшысы не аппарат басшысы ұсынатын анықтама негiзiнде жоспарланған мәселенi тiзбеден алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзiмге ауыстыру туралы шешiм қабылдайды.
3. Әкімият мәжiлiстерiн дайындау және өткiзу тәртiбi
8. Әкімият мәжiлiстерi әр айдың соңғы сейсенбiсiнде өткiзiледi және оны Әкiм шақырады.
9. Әкімият мәжілiстерiнде Әкiм, ал ол болмаған кезде - Әкiмнің мiндетiн атқарушы орынбасары төрағалық етедi.
10. Әкімият мәжілiстерi, әдетте, ашық болады және мемлекеттiк тiлде және (немесе) орыс тiлiнде жұргiзiледi.
Қажет болған ретте, жекелеген мәселелер жабық мәжілiстерде қаралуы мұмкiн.
11. Әкімият мәжілiсi, егер оған Әкімият мұшелерiнің кемiнде ұштен екiсi қатысса, заңды болып есептеледi.
Әкімияттың мәжілiсiнде мәселенi қараудың нәтижелерi бойынша қаулы қабылданады.
Қаулы Әкімияттың қатысып отырған мұшелерiнің көпшiлiк дауысымен қабылданады.
12. Әкімияттың мәжілiстерiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнің, мәслихаттың депутаттары, аудандардың, қалалардың әкiмдерi, сондай-ақ әкiм бекiткен тiзбе бойынша кеңесшi дауыс құқығымен орталық атқарушы органдар аумақтық бөлiмшелерiнің басшылары және өзге де лауазымды адамдар қатыса алады.
13. Аппараттың және атқарушы органдардың Әкімият мәжілiстерiнде қарауға мәселелер дайындауы мынадай талаптарды сақтай отырып жұзеге асырылады:
1) Әкімият мәжілiсiне енгiзiлетiн анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына құжатты енгiзетiн органның бiрiншi басшысы не оны алмастыратын адам (бұдан әрi - бiрiншi басшы) алдын ала бұрыштама қояды, оның қолы осы органның ресми көзқарасын растау болып табылады;
2) жоба мен анықтама, әдетте, аралығы екi жол арқылы басылған 5 бет мәтiннен аспауы тиiс;
3) әрбiр мәселе бойынша жобаның және анықтаманың тақырыптары бiрдей болуы тиiс;
4) Әкімияттың мәжілiсiне енгiзiлетiн материалдарға, қажет болған ретте, қосымша ақпараттық мәлiметтер қоса берiледi;
5) мәселе енгiзетiн орган немесе аппараттың құрылымдық бөлiмшесi талқыланатын мәселелер бойынша мәжілiске шақырылғандардың тiзiмiн айқындайды және нақтылайды. Аталған материалдар облыс Әкiмi аппаратының жалпы бөлiмiне Әкімият мәжілiсiне дейiн 7 кұн қалғанда берiледi.
14. Облыс Әкiмi аппаратының жалпы бөлiмi мәжілiс кұн тәртiбiнің жобасын жасайды және Әкiммен не оны алмастыратын адаммен келiсiлгеннен кейiн, оны және тиiстi материалдарды аппарат басшысы бекiткен жiберiлiм көрсеткiшiне сай, мәжілiске дейiнгi ұш кұнде Әкімият мұшелерiне және шақырылғандарға, ал қажет болған ретте, басқа да лауазымды адамдарға таратады.
Тиiстi органдар материалдарды уақтылы ұсынбаған жағдайда аппарат басшысы бұл туралы Әкiмге немесе оны алмастыратын адамға баяндайды. Материалдардың уақтылы ұсынылмауына жауапкершiлiк тиiстi органдардың бiрiншi басшыларына жұктеледi.
Әкiмнің тапсырмасы бойынша шұғыл тұрде Әкімият мәжілiсiн өткiзген кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар аппаратқа ол өткiзiлетiн кұнi енгiзiлуi мұмкiн.
15. Әкімият мәжілiсiнде хаттама жұргiзiлiп, онда қатысқан лауазымды адамдар, талқыланатын мәселелердің аты және мән-жайы, талқылау кезiндегi баяндамашылар мен сөз сөйлеушiлер, олардың сөйлеген сөздерiнің негiзгi мазмұны, ескертулер және Әкімият мұшелерi қабылдаған қаулы көрсетiледi. Мәжілiстерде қаралатын мәселелер ақпараттың электронды көздерiне жазылады.
Аппараттың жалпы бөлімi Әкімият мәжілiсi аяқталған кұннен бастап ұш кұн мерзiмде хаттаманы ресiмдейдi, оған аппарат басшысы бұрыштама соғады және мәжілiсте төрағалық етушi қол қояды.
Әкімият мәжілiстерiнің хаттамаларына кұнтiзбелiк жылға арналған реттiк нөмiрлер берiледi. Хаттамалар немесе олардың ұзiндiлерi оларға қол қойылған кұнi Әкімият мұшелерiне, ал қажет болған ретте, мәжілiстерде тиiстi тапсырмалар берiлген басқа органдарға және лауазымды адамдарға таратылады. Жiберiлiм тiзбесiн аппарат басшысы бекiтедi.
Әкімият мәжілiстерiнің хаттамалары (тұпнұсқалары), сондай-ақ олардың құжаттары аппаратта сақталады.
Әкімият мәжілiстерiнің хаттамалары және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзiмдерi өткеннен кейiн мұрағатқа өткiзiледi.
4. Әкімият және Әкiм актiлерiнің жобаларын дайындау мен ресiмдеу тәртiбi
16. Атқарушы органдар Әкімият тиiстi шешiм қабылдауы ұшін оның атына мынадай жағдайларда ұсыныстар енгiзедi:
1) мәселенi шешу Әкімияттың құзыретiне кiргенде;
2) жергiлiктi атқарушы органдар арасында келiспеушiлiк туындаған кезде;
3) мәселенің шешiлуi жергiлiктi атқарушы органдардың және орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерiнің қызметiн ұйлестiрудi талап еткенде.
17. Аппарат бөлімдерi және жергiлiктi атқарушы органдар Әкімият қаулыларының, Әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнің жобаларын (бұдан әрi - жобалар) дайындауды "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы", "Әкiмшiлiк ресiмдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және осы Регламентке сәйкес жұзеге асырады.
Мұдделi органдармен келiсiлген, бiрiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған жобалар мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде ұсынылады.
Жобаға "ескертулермен" келiсу болған кезде келiспеушiлiктер туралы бiрiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған, қажеттi тұсiндiрмелер берiлген анықтама тiркеледi.
Жобаларды әзiрлеуге қатысушы органдар арасында келiспеушiлiктер туындаған кезде, қаралып отырған мәселелердің мән-жайы құзыретiне кiретiн Әкiмнің орынбасары, аппарат басшысы немесе оның орынбасары кеңес шақыра алады, оның нәтижелерi хаттамалармен ресiмделедi.
Келiспеушiлiктер жойылған кезде тиiстi орган белгiленген мерзiмде жобаны пысықтайды және оны қол қоюға ұсынады. Талқыланған мәселе бойынша келiсiмге қол жетпеген жағдайда, Әкiмнің орынбасары, аппарат басшысы бұл туралы тұпкiлiктi шешiм қабылдау ұшін Әкiмге не оны алмастыратын адамға ақпарат бередi.
18. Жобалардың уақтылығы, сапалы әзiрленуiне және Әкімиятқа белгiленген мерзiмдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi мәтiндерiнің тұпнұсқалылығына оны әзiрлеудi жұзеге асырушы органның бiрiншi басшысы дербес жауапты болады.
19. Жобалар облыс Әкiмiнің аппаратына тұскенге дейiн мiндеттi тұрде мыналармен келiсiледi:
1) құзыретiне орай мұдделi атқарушы органдармен, бұл ретте жобаны келiсудегi мұндай мұдделiлiк қаралатын мәселелердің мән-жайы ескерiле отырып, белгiленедi;
2) облыстық қаржы басқармасымен - жобаның қаржылық орындылығы және қаржыландырумен қамтамасыз етiлуi мәселелерi бойынша;
3) облыстық экономика басқармасымен - экономикалық орындылығы және ел мен аймақтың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкестiгi мәселелерi бойынша.
20. Жобаны әзiрлеушi жобаның көшiрмелерiн бiр мезгiлде барлық мұдделi атқарушы органдарға жiбередi.
Бұл ретте атқарушы органдарда келiсу мерзiмi бiр мезгiлде есептеледi және жобалардың тұскен әрi тiркелген кезiнен бастап 3 жұмыс кұнiнен аспауы тиiс.
Облыс Әкiмiнің, Әкiм орынбасарларының тапсырмалары бойынша шешiмдерi неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдардың басшылары немесе лауазымды адамдар (лауазымы бойынша басшының орынбасарларынан төмен емес) жобаға бұрыштаманы кеңесте (мәжілiсте) қоюы мұмкiн. Бұл ретте көрсетiлген лауазымды адамдар жобаның жасалуы немесе өздерiнің бұрыштама қойғандығы туралы тиiстi атқарушы органның бiрiншi басшысына баяндайды.
Жобаның көшiрмесiн келiсуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мұдделi органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеу белгiлермен келiсуден бас тартуға тиiстi емес.
21. Келiсушi орган жобаны қараудың нәтижелерi бойынша бiрiншi басшының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бiрiн әзiрлеушiге ұсынуы тиiс:
1) жоба ескертулерсiз келiсiлдi (жобада бұрыштама болады);
2) жоба ескертулермен келiсiлдi (жобада "ескертулерiмен" бұрыштама болады және ол қоса берiлуi тиiс);
3) "жобаға келiсуден бас тартылды" (дәлелдi бас тарту қоса берiледi).
22. Келiсу мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн жобаны әзiрлеушi мұдделi органдардың барлық ұсынысын жобаның тұпкiлiктi нұсқасына жинақтайды (ескертулердi жояды). Бұл ретте, тұпкiлiктi нұсқаны дайындау процесiнде әзiрлеушi өзi келiскен атқарушы органдардың ескертулерiн мiндеттi тұрде жояды.
Жобаны әзiрлеушi жобаны аппаратқа енгiзу кезiнде мұддесi осы жобада қозғалып отырған орган бұрыштамасының болмау себептерiн (мұндай факт болған жағдайда) тұсiндiрме жазбада мiндеттi тұрде көрсетедi, бұл ретте, енгiзiлген материалдарға тиiстi органға келiсу ұшін енгiзiлгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi қоса берiледi. Мұндай растау болмаған жағдайда, жоба мұдделi органға келiсуге жiберiлмеген болып есептеледi.
Қажет болған ретте, облыс Әкiмнің, Әкiм орынбасарының немесе аппарат басшысының нұсқауы бойынша жоба қосымша келiсуге жiберiлуi мұмкiн.
23. Әзiрлеушi осы жобаны қабылдау қажеттiлiгiн, ол қабылданған жағдайда, әлеуметтiк-экономикалық салдарын, оны iске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы Шығыстары негiзделген тұсiндiрме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын Әкімияттың және Әкiмнің қандай актiлерi қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәлiметтердi мiндеттi тұрде жобаға қоса бередi.
Егер актiлердің жобалары нормативтiк сипатта болса және (немесе) әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi қозғаса, әзiрлеушi тұсiндiрме жазбада нақты мақсаттарды, кұтiлiп отырған нәтижелердің мерзiмдерiн және енгiзiлiп отырған ұсыныстардың болжанып отырған тиiмдiлiгiн көрсетуге мiндеттi. Бұл актiлердi Әкімият немесе Әкiм қабылдаған жағдайда, оларды iске асыру қорытындылары бойынша, әзiрлеушi, актiлерде белгiленген мерзiмдерге сәйкес олардың қолданылуының нәтижелерi туралы қысқаша есеп тапсыруы тиiс.
Жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк органның басшысы екi парақтан аса көлемдегi жобалардың және жобаларға қосымшалардың әр парағына қол қоюы тиiс.
24. Жобаны әзiрлеушi жобада бiр мезгiлде Әкімият қаулыларын және (немесе) Әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiн қабылданатын актiлерге сәйкес келтiру жөнінде норма көздейдi және (немесе) нақты мерзiмдер белгiлей отырып, оларды сәйкес келтiру туралы тапсырманы көздейдi.
25. Әзiрленген (пысықталған) жоба (оған тиiстi материалдармен бiрге) жоба бойынша сараптама жұргiзу және қорытынды дайындау ұшін (бұдан әрi - сараптама) аппаратқа енгiзiледi.
Облыс Әкiмi аппаратының жалпы бөлімiнде тiркелер алдында жобаның iс қағаздарын жұргiзу талаптарына сәйкестiгi тексерiледi (облыс Әкiмi аппаратының Регламентiнде баяндалған). Жобаның iс қағаздарын жұргiзу талаптарына сәйкес еместiгi туралы ескертулер болған ретте аппараттың жалпы бөлімi жобаны тiркеуге дейiн әзiрлеушiге қайтаруға құқылы.
Жоба жалпы бөлімде (кеңседе) тiркелгеннен кейiн облыс Әкiмiнің бөлімдерiнде сараптаудан өтедi:
1) жалпы бөлімде - жоба мәтiндерiнің мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi мәтiндердің тұпнұсқалығы, жобаның iс қағаздарын жұргiзу талаптарына сәйкестiгi;
2) мемлекеттiк-құқық бөлімiнде - жобаның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келетiндiгi;
3) ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімiнде - ұсынылатын жобаны орындау ұшін бақылауды жұзеге асырудың, оны есепке алудың, жұйеге келтiрудің қажеттiгi, осы мәселелер бойынша бұрын қабылданған актiлердi қайталауға жол берiлмеуi. Жобаны сараптауды өткiзу мерзiмi жалпы бөлімде жобаны тiркеген кұннен бастап ұш жұмыс кұнiнен аспауы қажет.
Облыс Әкiмiнің аппараты сараптауды жұргiзудің барысында әзiрлеушiге мынадай негiздер бойынша пысықтауға қайтарып жiберуге құқылы:
1) жоба мәтiндерiнің мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi мәтiндердің тұпнұсқалы еместiгi, iс қағаздарын жұргiзу талаптарына сәйкес келмеуi;
2) жобаның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiндiгi;
3) осы мәселелер бойынша бұрын қабылданған актiлердi қайталау;
4) жобаның осы Регламенттiң талаптарын бұза отырып ұсынылуы.
Басқа желеулер бойынша терiс сараптамалық қорытынды жобаны қайтару ұшін негiз бола алмайды.
26. Жобаларды облыс Әкiмiнің орынбасарларында келiсу мiндеттердің бөлiнуiне сәйкес жұзеге асырылады. Облыс Әкiмiнің орынбасарларында мазмұндық сипатта ескертулер туындаған жағдайда, олар қажет болған ретте нәтижелерi хаттамамен ресiмделетiн кеңес шақырады.
Жоба облыс Әкiмiнің аппаратында сараптамадан өткеннен кейiн аппарат басшысы бұрыштама соғады және сол бойынша шешiм қабылдау ұшін ол облыс Әкiмiне не оны алмастыратын адамға баяндайды.
27. Әкімияттың қаулыларына, Әкiмнің шешiмдерi мен өкiмдерiне Әкiм қол қояды. Актiлерге қол қойғаннан кейiн олардың тұпнұсқаларына тұзетулер енгiзiлмейдi.
Әкімияттың қаулылары, облыс Әкiмiнің шешiмдерi мен өкiмдерi қол қойылғаннан кейiн жалпы бөлімде (хаттама бөлімi) тiркеледi.
28. Облыс Әкiмi аппаратының жалпы бөлімi Әкімият қаулыларының, Әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнің куәландырылған көшiрмелерiн аппарат басшысы бекiткен жiберiлiмге сәйкес таратады.
Әкімият қаулыларының, облыс Әкiмiнің шешiмдерi мен өкiмдерiнің тұпнұсқалары облыс Әкiмi аппаратының жалпы бөлімiнде (хаттама бөлімi) сақталады.
Құжаттардың уақтылы шығарылуы және жөнелтiлетiн алушыларға таратылуы ұшін жауапкершiлiк облыс Әкiмi аппараты жалпы бөлімiнің меңгерушiсiне жұктеледi.
29. Техникалық қателерi болған ретте Әкімият қаулыларының, Әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнің бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысының рұқсатымен ғана ауыстырылуы мұмкiн. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылып алынуы тиiс.
30. Облыс Әкiмi аппаратының жалпы бөлімi Әкімият және облыс Әкiмi қабылдаған актiлердің есебiн, жұйеленуiн және бақылау даналарын жұргiзудi, оларға ағымдағы өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзудi жұзеге асырады.
31. Әкімияттың және облыс Әкiмiнің жалпы-мiндеттi маңызы, ведомствоаралық маңызы бар немесе азаматтардың құқықтарына, бостандығы мен мiндеттерiне жататын барлық актiлерi әдiлет органдарында тiркелуге және ресми жарияламалар ұшін мәслихат және облыс Әкiмi белгiлеген бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi тұрде жариялауға жатады.
32. Облыс Әкiмiнің баспасөз қызметi актiлердi жариялау ұшін жiбередi.
Әкімияттың және облыс Әкiмiнің әдiлет органдарында тiркелуге жататын барлық актiлерi жалпы бөлім (хаттама бөлімi) тiркегеннен кейiн алушыларға жiберiледi.
33. Мемлекеттiк құпиялардан немесе заңмен қорғалатын құпиядан тұратындарынан басқа, облыс Әкімияты және Әкiмi қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлермен танысу ұшін мұдделi адамдарға рұқсат беру мiндеттi болып табылады және оны аппарат басшысы айқындайтын тәртiппен аппарат жұзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасы Президентiнің, Үкiметiнің, Премьер-Министрiнің, облыс Әкімияты мен Әкiмiнің актiлерi мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау тӘртiбi
34. Заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнің, Үкiметiнің, Премьер-Министрiнің, облыс Әкімияты мен Әкiмiнің актiлерiн және тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру "Қазақстан Республикасы Президентiнің актiлерiн қол қоюға дайындау, келiсу, ұсыну және Қазақстан Республикасы Президентiнің актiлерi мен тапсырмаларын орындауды бақылау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1998 жылғы 2 қазандағы N 4097 Жарлығына U984097_ , осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес жұзеге асырылады.
Заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнің, Үкiметiнің, Премьер-Министрiнің, облыс Әкімияты мен Әкiмiнің актiлерi мен тапсырмаларының және мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың өзге де тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімi облыс Әкiмiнің бекiткен тәртiбiне сәйкес iске асырады.
35. Заң актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнің, Үкiметiнің, Премьер-Министрiнің, облыс Әкімияты мен Әкiмiнің облыстың атқарушы органдарының басшыларына тапсырмалар берiлген актiлер мен тапсырмалары бақылауға алынады.
36. Заң актiлерiнің, Қазақстан Республикасы Президентi, Үкiметi, Премьер-Министрi, облыс Әкімияты мен Әкiмi актiлерiнің және тапсырмаларының уақтылы әрi сапалы орындалуына жауапкершiлiк осылар орындауға жiберiлген атқарушы органдардың бiрiншi басшыларына жұктеледi.
37. Әкiмнің және оның орынбасарларының тапсырмаларында құжаттарды орындаудың мерзiмдерi белгiленедi. Мерзiмдер белгiленбеген жағдайда, құжаттың тұскен кұнiнен есептелетiн, орындаудың бiр айлық мерзiмi, ал "шұғыл" деген айдар болған жағдайда - он кұндiк мерзiм белгiленедi.
38. Егер тапсырманың белгiленген мерзiмде орындалуы мұмкiн болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бiрiншi басшысы (не оның мiндетiн атқарушы тұлға) кiдiрудің себептерi туралы хабарлауға және белгiленген тәртiппен оны орындау мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш беруге тиiстi. Тапсырманы орындау мерзiмiн ұзартуға екi реттен аса жол берiлмейдi.
39. Аппарат әкiм айқындайтын тәртiппен заңнамалық кесiмдердi, Қазақстан Республикасы Президентiнің, Үкiметiнің, Премьер-Министрiнің, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандар (облыстық маңызы бар қала) әкiмшiлiктерiнің және әкiмдерiнің кесiмдерi мен тапсырмаларын орындау мерзiмдерiн бақылау жөніндегi қызметтi ақпараттық-талдауды қамтамасыз етудi жұзеге асырады.
40. Ўйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімi заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнің, Үкiметiнің, Премьер-Министрiнің, Әкімияттың және облыс Әкiмiнің актiлерiн және тапсырмаларын орындаудың барысы туралы облыс Әкiмiне ұнемi хабардар етiп, оларды орындау ұшін Әкiмнің бақылау жасау қызметiн қамтамасыз етедi.
Облыс Әкiмiнің орынбасарлары, аппарат басшысы Қазақстан Республикасы Президентiнің, Үкiметiнің, Премьер-Министрiнің және облыс Әкiмiнің заңнамалық актiлерiн, актiлерi мен тапсырмаларын орындаудың белгiленген тәртiбiн өрескел бұзушылық фактiлерi бойынша кiнәлi лауазымды адамдарды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнінде ұсыныс енгiзе алады.
Шығыс Қазақстан облысының
Әкiмi аппаратының басшысы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.