Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі "Сырдария ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 251 қаулысының күшін жою тура

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 қаңтар 2016 ж.

    Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі «Сырдария ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 251 қаулысының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1-бабының талаптарына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Сырдария ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 251 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12.08.2015 жылы №5097 болып тіркелген, аудандық «Тіршілік тынысы» газет баспасының 19.08.2015 жылы №63 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөліміне жүктелсін.

    3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімінің міндетін атқарушы

    Н. Өмірсерікұлы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.