Атырау қаласы әкімінің 2016 жылғы 19 мамырдағы №13 «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабын басшылыққа алып, 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабына сәйкес, Атырау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қаласы әкімінің 2016 жылғы 19 мамырдағы №13 «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылдың 25 мамырында №3525 болып тіркеліп, 2016 жылдың 28 мамырында облыстық «Атырау» газетінің №42 (20025) санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қала әкімі
Н.Ожаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.