Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы «Сырдария ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» №181 қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1-бабының талаптарына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сырдария ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы №181 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17.06.2015 жылы №5017 болып тіркелген, аудандық «Тіршілік тынысы» газет баспасының 24.06.2015 жылы №47 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөліміне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Ғ. Қазантаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.