"Екібастұз Энергоорталығы" жабық акционерлік қоғамына айналадағы ортаны ластағаны үшін 2001 жылға арналған төлем мөлшерлемелерін белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 тамыз 2001 ж.

    "Екібастұз Энергоорталығы" жабық акционерлік қоғамына айналадағы ортаны ластағаны үшін 2001 жылға арналған төлем мөлшерлемелерін белгілеу туралы

    "Екiбастұз Энергоорталығы" жабық акционерлiк қоғамының қызметiн тұрақтандыру мақсатында, осы кәсiпорынның айналадағы ортаға ластаушы заттарды шығаруды азайтуға бағытталған табиғат қорғау iс-шараларының үлкен көлемiн атқарғанын ескере отырып, облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

    1. Қосымшаға сәйкес "Екiбастұз Энергоорталығы" жабық акционерлiк қоғамына 2001 жылға белгiленген мөлшерлер мен лимиттер шеңберiнде қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем мөлшерлемелерi белгiленсiн.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.И. Кошевойға жүктелсiн.

    Облыс әкiмi

    Ғ. Жақиянов

    Облыс әкiмиятының 2001 жылғы

    2001 жылғы 21 тамыздағы № 56/7

    қаулысына қосымша

    "Екiбастұз Энергоорталығы" жабық акционерлiк қоғамына 2001 жылға белгiленген мөлшерлер мен лимиттер шеңберiнде қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем мөлшерлемелерi

    Көрсеткiштер
    Өлшем бiрлiгi
    Улылық класы
    Мөлшерлемелер
    (теңге/бiрлiк)
    1
    2
    3
    4
    5
    1.
    Ауаға ластаушы заттарды шығару
    шартты*) тонна
    100
    2.
    Ведомстволық жинақтау орындарында көп тонналық қалдықтарды орналастыру
    тонна
    ІҮ
    38,2
    Ескерту:
    *) Ластаушы заттың улылығына байланысты болатын салыстырмалы бiрлiкке келтiрiлген физикалық көлем

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.