Доскей ауылындағы көшені қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 мамыр 2016 ж.

    Доскей ауылындағы көшені қайта атау туралы

    Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Доскей ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Доскей ауылындағы 50 лет Казахстана көшесінің атауы – Тәуелсіздік көшесі болып қайта аталсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Доскей ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы

    Г. Ахметова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.