"Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы" және "Республикалық ұлан туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы

    ЖаңаЗаң
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 маусым 1997 ж.

    "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы" және "Республикалық ұлан туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы

    Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар мына Жарлықтарына өзгерiстер енгiзiлсiн:

    1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 19, 118-құжат; N 23, 142-құжат):

    5-баптың бiрiншi азатжолындағы "Республикалық ұланның күштерi мен құралдарын қатыстырып" деген сөздер алып тасталсын.

    2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республикалық ұлан туралы" 1995 жылғы 5 желтоқсандағы N 2671 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 22, 139-құжат):

    10-бапта:

    1) тармақшадағы "Күзет қызметiнiң басшылығымен" деген сөздер "Күзет қызметiмен өзара iс-қимыл жасай отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;

    2) тармақшадағы "Республика Президентiнiң Күзет қызметiмен өзара iс-қимыл жасай отырып" деген сөздер алып тасталсын;

    12-бапта:

    2-тармақтағы "2. Республикалық ұланның Қолбасшысы Республикалық ұланның әскери қызметшiлерi жөнiнде жалпы әскери жарғыларда көзделген тәртiп жөнiндегi билiгiн толық көлемiнде пайдаланады" деген сөздер алып тасталсын;

    мынадай мазмұндағы 3-тармақ енгiзiлсiн:

    "3. Республикалық ұланның Қолбасшысы Қазақстан Республикасының Республикалық ұлан туралы заңдарында және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғыларында көзделген құқықтарды пайдаланады."

    Қазақстан Республикасының Президентi

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.