Қазақстан Республикасы Президентiнiң тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау мәселелерi жөнiндегi Заң күшi бар кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

    ЖаңаЗаң
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 маусым 1997 ж.

    Қазақстан Республикасы Президентiнiң тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау мәселелерi жөнiндегi Заң күшi бар кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

    1-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 13, N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 18, 367-құжат; 1997 жылғы 12 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

    149-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

    "Инвестициялық жобаны iске асыру үшiн қажеттi жабдықтарды, шикiзат пен материалдарды (спирттi, алкогольдi және темекi өнiмдерiн, сондай-ақ өңдемей өткiзуге арналған тауарлар импортын қоспағанда) импорттау Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен инвестордың арасында жасалған келiсiм-шартқа сәйкес кеден бажын салудан толық немесе iшiнара босатылуы мүмкiн.".

    2-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 Заң күшi бар жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 159-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

    8-бапта:

    1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:

    "Жер учаскелерi мемлекеттiк заттай гранттар түрiнде инвесторға Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен инвестор арасында жасалған келiсiм-шартқа сәйкес берiледi.";

    2-тармақта:

    мынадай мазмұндағы жаңа 4) тармақшамен толықтырылсын:

    "4) Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен инвестордың арасында жасалған келiсiм-шартқа сәйкес жер учаскелерi мемлекеттiк заттай гранттар түрiнде берiлетiн инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар;";

    4) тармақша 5) тармақша болып есептелсiн:

    3-тармақтың бiрiншi азатжолы "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен инвестордың арасында жасалған келiсiм-шартқа сәйкес мемлекеттiк заттай гранттарды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.

    3-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 163-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

    3-бапта:

    2-тармақта "жекешелендiру жөнiндегi басқа заң актiлерiнде" деген сөздер "өзге де заң актiлерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

    мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

    "4. Осы Жарлық "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшiне енгiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен бекiтiлген инвестордың арасында жасалған келiсiм-шартты iске асыру процесiнде туындайтын құқықтық қатынастарды реттемейдi.".

    Қазақстан Республикасының Президентi

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.