Атырау облысының шаруашылық жүргізу айналымында қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар мен клирингілік (ақшасыз есеп айырысу) операциялардың бірынғай жүйесін енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасында төленбеген төлем дағдарысы проблемаларын шешу жөнiндегi шаралар туралы 1999 жылғы 3 қарашадағы N 1664 қаулысын орындау үшiн ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Атырау облысында аз шығынмен және жоғары ықтимал кәсiпорындардың көп санымен үлкен төлем (операция) көлемiн тиiмдi өңдеуге мүмкiндiк беретiн көптарапты клирингiнiң автоматтандырылған технологиясы енгiзiлсiн.
2. Ұсынылып отырған Атырау облысының мемлекеттiк мекемелерiнiң, мемлекеттiк кәсiпорындарының тауар жеткiзушiлермен (жұмыс, қызмет көрсету) есептесу, клирингiлiк өзара есептесулердi жүргiзу тәртiбi бекiтiлсiн.
3. Облыстық қаржы басқармасы (Әжiғалиева А.) және Атырау қаласының қаржы бөлiмi (Асанов А.) клирингiлiк өзара есепайырысуларды Ашық Акционерлiк қоғам Нұрбанк Атырау аймақтық клирингiлiк палата (iлгерi қарай-Клирингiлiк палата) арқылы жүргiзуге рұқсат етсiн.
4. Жергiлiктi бюджеттерге мiндеттi төлемдер жөнiнде берешегi бар кәсiпорындармен барлық есептеулердi тек қана Клирингiлiк палата ашылған шаруашылық жүргiзушi субъектiлер есеп-шотына клиринг тетiгiн барынша толық пайдалана отырып жүргiзсiн. Облыстық өазынашылық басқармасы (Б.Жылқыбаев) мемлекеттiк мекемелердiң және мемлекеттiк кәсiпорындардың есеп айырысуларын Клирингiлiк палата шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң есеп-шотына тегiн жүргiзсiн.
5. Мемлекеттiк мекемелерге және мемлекеттiк кәсiпорындарға тауар жеткiзушiлермен, көрсетiлетiн қызметтермен клирингiлiк өзара есеп айырысуларды жүргiзу берiлген тәртiппен Клирингiлiк палата арқылы өтiлсiн.
6. Облыстық және қалалық бағдарлама әкiмгерлерi Клирингiлiк палатаға апта сайын Кредиторлық берешектерi туралы мәлiметтердi белгiленген нысанмен берiп тұрсын.
7. Облыстық өазынашылық басқармасында есеп-шоты жоқ бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер клирингiлiк палатада есеп-шот ашсын.
8. Салық төлемдерiнiң түсуiн шапшаңдату үшiн, сонымен бiрге шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өтелмеген төлем проблемаларын болдырмау мақсатында банк филиалдарына, Облыстық қазынашылық басқармасына банкаралық клирингi Клирингiлiк палата арқылы жүргiзу ұсынылсын.
9. Осы шешiмнiң орындауын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.Досмағамбетке жүктелсiн.
Облыс әкімі
С. Дәукеев
Облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 2 шiлдедегі
№ 236 шешiмiне қосымша
Атырау облысы бойынша мемлекеттiк мекемелерi мен мемлекеттiк кәсiпорындарының тауар жеткiзушiлерiмен (жұмыс, қызмет көрсету) есеп айырысулары жөнiндегi клирингiлiк өзара есептеулердi жүргiзу тәртiбi
1. Осы тәртiп жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындарының тауар жеткiзушiлермен (жұмыс, қызмет көрсету) шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бюджетке төлемi ен үшiншi жақ алдындағы кредиторлық берешегi өтеу төлемiнiң есебiне есепайырысу жүргiзуiн реттейдi.
2. Бюджеттiк мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындардың сатып алатын материалдық құндылықтарды, көрсетiлетiн қызметiн, мердiгерлiк және коммуналдық ұйымдардың орындалған жұмыстарын қаржыландыруға бөлiнетiн бюджеттiк қаражаттың қайтарымдылығын барынша қамтамасыз ету мақсатында, мердiгерлермен, тауар жеткiзушiлермен есеп айырысуларда ААҚ Нұрбанк Атырау аймақтық клирингiлiк палата (iлгерi қарай Клирингiлiк палата) орындайтын клирингiлiк есеп айырысулар тетiгiн пайдаланған жөн.
3. Жергiлiктi бюджетке мiндеттi төлем бойынша берешегi бар кәсiпорындар мен ұйымдар ұсынған көрсетiлетiн қызметтер, орындалған жұмыс үшiн жергiлiктi бюджет қаражатынан бөлiнетiн төлем, әдетте, ереже бойынша, клирингiлiк өзара есеп айырысулар арқылы жүргiзiлуi керек.
4. Клирингiлiк палата арқылы мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындардың тауар, қызмет көрсетулердi ағымдағы төлемдерi, шығындары және кредиторлық берешектерiн өтеу есебiне есепайырысулар жүргiзiледi.
5. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың берешегi және төлем қажеттiлiктерi жөнiндегi ақпаратты (қосымша N 1) ұйымдар тиiстi қаржы органдарына немесе Клирингiлiк палатаға тәлемдер жәнiнде қажеттiлiк туындауға байланысты бередi. Ақпаратты жеткiзу келу тәртiбiмен, электрондық поштамен, факстық байланыспен жүзеге асырылуы мүмкiн. Берiлген ақпараттың сенiмдiлiгi үшiн жауапкершiлiк бюджеттiк ұйымның басшысына жүктеледi.
6. Ақпараттың уақтылы берiлуiн бақылау бағдарлама әкiмгерлерiне жүктеледi.
7. Шаруашылық есептегi кәсiпорындар мен ұйымдардың берешегi және төлем қажеттiлiгi туралы мәлiметтер жинау, төлемдердi алдын-ала келiсiп алу, ақпараттарды жалпы енгiзу мен өңдеудi немесе Клирингiлiк палата жүргiзедi.
8. Шаруашылық есептегi ұйымдардан ақпарат жинау және берудiң уақтылы берiлу үдерiсiн ұйымдастыру облыстық экономика және кәсiпкерлiктi дамыту басқармасына жүктеледi.
9. Салық комитетi ай сайын бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешегi бар адамдар бойынша мәлiметтi Клирингiлiк палатаға тапсырады.
10. Кәсiпорындар - есеп айырысуға қатысушылар шаруашылық есептегi кәсiпорындардың бюджетке мiндеттi түрдегi аударылымдары мен басқа да төленетiн төлемдер бойынша берешектерi туралы мәлiметтi немесе Клирингiлiк палатаға төлем тапсырмалары, несиелiк /дебиторлық берешегi туралы мәлiметтердi, клирингiлiк өзара есептесудi жүргiзуге өтiнiмдер түрiнде тапсырады.
11. Қаржы органдарымен, бюджеттiк ұйымдар арқылы берiлген мәлiметтердi немесе Клирингiлiк палата мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк кәсiпорындар мен шаруашылық субъектiлерiнiң есеп айырысу нұсқауларын алу мақсатында жинақтап өңдейдi. Өңделген мәлiметтер негiзiнде Клирингiлiк палата есеп айырысу жүргiзуге дайындығы туралы ескертпе әзiрлейдi (қосымша N 2), мәлiметтердi тексеруге және әрмен қарай қаржыландыруға электрондық пошта немесе келу тәртiбiмен тиiстi қаржы органдарын және бағдарлама әкiмгерлерiне жеткiзедi. Ескертпе әзiрлеген кезде немесе клирингiлiк палата шаруашылық есептегi ұйымдардан - есеп айырысуға қатысушылардан төлем төленетiн тапсырыстарды тексередi, есеп айырысу жүргiзуге қажет және қаржыландырылған қаражаттық бюджетке толық қайтарылуын қамтамасыз ететiн төлем тапсырмаларын қабылдайды. Есеп айырысуға қатысушылармен барлық мiндеттемелер орындалған соң немесе клирингiлiк палата қатысушылардың есептерiнiң қаражат қалдығын клиринг қорытындылары бойынша қатысушының оң айқындамасын жаба отырып тапсырыскерлердiң басқа банкiлердегi шоттарына аударуға құқылы.
12. Ұсынылған нұсқа 1 жұмыс күнi iшiнде қаралады, келесi күнi қаржы органы Клиринг деген белгiмен қаржылық рұқсатнама жазып бередi. Қаржы органы қаржыландыру туралы шешiмдi Клирингiлiк палатаның ескертпесiнiң негiзiнде шығарады. Клирингте ескертпенi қараған кезде қаржы органы немесе бағдарлама әкiмгерi кез келген мекеме бойынша азайту жағына төленетiн төлем сомасын өзгертуге құқылы қаржы органы немесе Клирингiлi палатаға қаржыландыру сомасының азайтылу себебiн түсiндiретiн жауап (қорытынды) жолдайды.
13. Ескертпенiң көшiрме үзiндiсiн алып, бағдарлама әкiмгерлерi бюджеттiк рұқсатнаманың және қаржыландырылатын ұйымдардан немесе Клирингiлiк палатадағы шаруашылық ұйымдардың шоттарына кәсiпорындар есебiне төлем тапсырмаларын дайындалуын қамтамасыз етедi. Дайындық шараларын жүргiзуге мерзiмi-есептердiң бекiтiлген нұсқасын алу сәтiнен бастап - 1 жұмыс күнi.
14. Клирингiлiк палата ескертпесiне сәйкес бюджеттен қаржыландырылатын және Облыс Қазынашылық басқармасында ашылған бағдарлама әкiмгерлерiнiң немесе ұйымдардың шоттарынан ақшалай қаражат клирингiлiк палатада ашылған кәсiпорындар мен мекемелер шотына жiберiледi.
15. Бюджеттiк ұйымдардың дайындалған қаржылық, бюджеттiк рұқсатнамалары төлем тапсырмалары орындауға Облыс өазынашылық басқармасына бiр уақытта берiледi. Төленетiн төлемдердi Облыс өазынашылық басқарма қолданыстағы ережелер мен нұсқауларға сәйкес жүргiзедi төлем файлдарын немесе Клирингiлiк палатаға аймақтық банкаралық клирингi жүйесi бойынша жiбередi.
16. Клирингiлiк палата түсетiн төлемдердi қабылдап, өңдеудi, ыңғайласпа төлем файлын және клиринг көрсеткiштерi бойынша клиенттердiң оң көзқарасын жөнелтудi қамтамасыз етедi.
17. Әрбiр ескертпе бойынша төлемдер аяқталысымен келесi күнi Клирингiлiк палата қаржы органына оның орындалуы жөнiнде есеп бередi.
18. Қаржыландырылған қаражат бiр бөлiгi бiр деңгейдегi бюджеттен басқа деңгейдегi бюджетке түскен соң есеп жүргiзуге рұқсат етiледi. (Мысалы: қалалық бюджет --> шаруашылық жүргiзушi субъект --> облыстық бюджет).
19. Үнемi бюджеттен қаржыландырылатын, Облыс Қазынашылық басқармасында есеп шоттары жоқ мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң Клирингiлiк палатадан есеп-шот ашуы қажет.
20. Клирингiлiк палата әр айдың 10-на дейiн облыстық әкiмиятқа (экономика және кәсiпкерлiктi дамыту басқармасы, қаржы басқармасы) iстелген жұмыс туралы, жүргiзілген операциялар көлемiн көрсету арқылы мәлiметтер бередi.
21. Осы тәртiп облыс бюджетiнен қаржыландырылатын барлық мекемелерге таралады.
22. Есеп айырысуға қатысушылардың неғұрлым үйлестiрiлген iс-қимылы үшiн облыстық қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындардың мәлiмет беру күнiн - жұма күнгi 15-00 сағатқа дейiн, ал Клирингiлiк палатада - дүйсенбi күнгi 17-00 сағатқа дейiн, Клирингiлiк палатаның қаржы органдарына Ескертпе - хабарламалар беру күнi - сейсенбi күнгi 17-00 сағатқа дейiн, - есеп айырысу күнi болып белгiленсiн.
23. Қаржы органдарымен келiсiп алу арқылы осы ережеде көрсетiлген мерзiм мен өзгерiстер қайта қаралуы мүмкiн. Қажет болған жағдайда есептесулердi жеке, Клирингiлiк палата қосымша берген ескертпе- хабарламасы бойынша жүргiзуге рұқсат етiледi.
Келiсiлдi:
Клирингiлiк Палата бастығы ________ Қ.Қазбеков
Салық комитетiнiң төрағасы ________ Н.Интенгенова
Облыстық Қазынашылық
Басқармасының бастығы
________ Б.Жылқыбаев
Қазақстан Республикасы ұлттық
банкiнiң Атырау филиалының
директоры________ Қ.Құлбарақов
Облыстық қаржы басқармасы
бастығының мiндетiн атқарушы
______________ А.Әжiғалиева
қосымша №1
Төлем қажеттiлiгi, кредиторлық берешек
__________________________________ 2001 ж. "___" _________ (мемл. мекеме, мемл.кәсiпорын атауы) (есептiк күн)
(мың. теңге)
|
Жеткiзушi атауы
|
ерекшелiк
|
Ағымдағы қарыздың төлем сомасы
|
Несиелер
қалдығы
|
Төлем сомасы
|
|
Жеткiзушi 1
|
ерек. 1
|
|||
|
Жеткiзушi 2
|
ерек. 2
|
|||
|
Жеткiзушi 3
|
ерек. 3
|
|||
|
Жеткiзушi 4
|
ерек. 4
|
|||
|
Жиынтығы
|
0
|
0
|
0
____________________________________________________________________
|
2001 ж. "___" __________ Басшы ____________ М.О.(қолы) Атқарушы: тел. Ескерту: "Төлем сомасы" "Қарыздың төлем сомасынан" немесе "Несиелер қалдығынан" аспауы керек.
___________________________________________________________________
Нысанды толтыру үлгiсi
Төлем қажеттiлiгi, кредиторлық берешек
Облыстық аурухана 2001 ж. "2" мамыры ______________________ ________________________ (мемл.мекеме.мемл.кәсiпорын атауы) (есептiк күн)
(мың.теңге)
|
Жеткiзушi атауы
|
ерекшелiк
|
Ағымдағы қарыздық төлем сомасы
|
Несиелер қалдығы
|
Төлем сомасы
|
|
Электрторабы
|
144
|
100000
|
500000
|
100000
|
|
Жылу торабы
|
145
|
600000
|
550000
|
550000
|
|
ОДТ
|
142
|
15000
|
70000
|
15000
|
|
Азық-түлiк тауарлары
|
131
|
200000
|
3000000
|
200000
|
|
Жиынтығы
|
915000
|
4120000
|
865000
|
2001 ж. "5" мамыры Басшы _____________________ М.О. (қолы) Атқарушы: бухг. Иванова Е.А. тел. 46-44-33
қосымша № 2
2001 ж. "___" _______________
қаржы басқармасы бастығына
Хабарлама - ескертпе № хх
Клирингiлiк палата қаржыландырылуын 720.00 теңге сомасында облыстық қаржы Басқармасы асыратын Клирингiлiк өзара есеп айырысуды жүргiзуге дайын. (Барлық сомалар теңгемен)
Шығындар:
|
№ р/с
|
Департамент, ұйым
|
Төлемдi алушы
|
Ерекшелiк
|
Клиринг бойынша төлем сомасы
|
|
Облыстық денсаулық сақтау департаментi (Пә)
|
||||
|
Облыстық аурухана
|
ОДТ
|
142
|
50
|
|
|
Облыстық аурухана
|
Электрторабы
|
144
|
100
|
|
|
Облыстық аурухана
|
Жылу торабы
|
145
|
300
|
|
|
Балалар ауруханасы
|
ОДТ
|
142
|
20
|
|
|
Балалар ауруханасы
|
Электрторабы
|
144
|
50
|
|
|
Балалар ауруханасы
|
Жылу торабы
|
145
|
100
|
|
|
Тубдиспансер
|
ОДТ
|
142
|
10
|
|
|
Тубдиспансер
|
Электрторабы
|
144
|
30
|
|
|
Тубдиспансер
|
Жылу торабы
|
145
|
60
|
|
|
Жиынтығы:
|
720
|
|||
|
Барлығы:
|
720
|
Кiрiстер:
әлеуметтiк салық - КБК 103101
ЖЭО 440
Жылу торабы 120
Электрторабы 80
ОДТ 80
әлеуметтiк салық - КБК 103101 сомасына 720
Барлық кiрiстер: сомаға 720
Клирингiлiк Палата басшысы (мөр немесе КП мөртабаны
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.