Қазақстан Республикасы Президентiнiң "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

    ЖаңаЗаң
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 желтоқсан 1996 ж.

    Қазақстан Республикасы Президентiнiң "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

    Қазақстан Республикасы Президентiнiң "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 150-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

    6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

    "6-бап. Республикалық бюджеттiң кiрiстерiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң депозиттерiн екiншi деңгейдегi банктерде орналастырудан түсетiн түсiм - 824300 мың теңге болып белгiленсiн.";

    27-баптың 2-абзацы алынып тасталсын;

    28-бап мынадай редакцияда жазылсын:

    "28-бап. 1996 жылы мемлекеттiк iшкi қарызға және республикалық бюджет тапшылығына алынған несиелерге қызмет көрсету нөлдiк ставка бойынша жүзеге асырылатын болып белгiленсiн.";

    мынадай мазмұндағы жаңа 31-баппен толықтырылсын:

    "31-бап. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, республикалық бюджет есебiнен ұсталатын басқа да мемлекеттiк органдар бойынша республикалық бюджет шығыстары ұлғайтылсын, сондай-ақ облыстар мен Алматы қаласының бюджеттерiне 17159500 млн. теңге" сомасында қаржы бөлiнсiн.

    Қазақстан Республикасының Үкiметi осы қаржыны атаулы бөлудi жүзеге асырсын";

    31-бап 32-бап болып есептелсiн;

    Жарлыққа "Қазақстан Республикасының 1996 жылға арналған республикалық бюджетi (қолданылып жүрген сыныптама бойынша) деген N 1 қосымшада:

    "Кiрiстер" бөлiгiнде:

    "Бюджет бойынша мекемелер мен шаралар" деген I бөлiмде:

    "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне және екiншi деңгейдегi банктерден түсетiн түсiмдер, барлығы" деген жолдағы "4983800" деген сан "824300" деген санмен ауыстырылсын;

    - "ағымдағы жылдың пайдасынан" деген жолдағы "4159500" деген сан "0" деген санмен ауыстырылсын;

    "3. Алымдар және салыққа жатпайтын түрлi кiрiстер барлығы" деген жолдағы "17772400" деген сан "21931900" деген санмен ауыстырылсын;

    "б) өзге түсiмдер" деген жолдағы "9607400" деген сан "13766900" деген санмен ауыстырылсын;

    "Шығыстар" бөлiгiнде:

    "Бюджет бойынша мекемелер мен шаралар" деген I бөлiмде:

    "1. Экономиканы қаржыландыру, барлығы" деген жолдағы "35151717" деген сан "31651717" деген санмен ауыстырылсын:

    "Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитет, барлығы" деген жолдағы "4754437" деген сан "1254437" деген санмен ауыстырылсын;

    "Кешендерге кiрмейтiндер бойынша жиынтығы" деген жолдағы "19202904" деген сан "15702904" деген санмен ауыстырылсын;

    "7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппаратын, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарды ұстауға арналған шығыстар" деген жолдағы "13168340" деген сан "8168340" деген санмен ауыстырылсын;

    "12. Мемлекеттiк iшкi қарызға қызмет көрсету жөнiндегi шығыстар барлығы" деген жолдағы "8064750" деген сан "3905250" деген санмен ауыстырылсын;

    " - бюджет тапшылығына берiлген несие үшiн проценттер төлеу" деген жолдағы "1067000" деген сан "0" деген санмен ауыстырылсын;

    " - iшкi қарыз бойынша проценттер төлеу жөнiндегi шығыстар" деген жолдағы "3092500" деген сан "0" деген санмен ауыстырылсын;

    "I бөлiм бойынша шығыстар жиынтығы" деген жолдағы "153534799" деген сан "158034799" деген санмен ауыстырылсын;

    мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

    "14. Министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, республикалық бюджет қаржылары есебiнен ұсталатын басқа да мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ облыстар мен Алматы қаласының бюджеттерiне қаржы бөлу - 17159500";

    "Сыртқы экономикалық қызмет" деген III бөлiмде:

    "Елшiлiктердi, өкiлдiктердi ұстау жөнiнде және басқа да мақсаттарға валюта сатып алу, барлығы" деген жолдағы "28584479" деген сан "24084479" деген санмен ауыстырылсын;

    "1) Сыртқы заемдар мен мiндеттемелердi өтеуге жұмсалатын шығыстар" деген жолдағы "22046458" деген сан "17546458" деген санмен ауыстырылсын;

    "III бөлiм бойынша шығыстар жиынтығы" деген жолдағы "36749479" деген сан "32249479" деген санмен ауыстырылсын.

    Қазақстан Республикасының Президентi

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.