Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әлеуметтiк мемлекеттiк кепiлдiктердi реттеу жөнiндегi шаралар туралы" заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралы

    ЖаңаЗаң
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 желтоқсан 1996 ж.

    Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әлеуметтiк мемлекеттiк кепiлдiктердi реттеу жөнiндегi шаралар туралы" заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралы

    1-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әлеуметтiк мемлекеттiк кепiлдiктердi реттеу жөнiндегi шаралар туралы" 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 2788 Заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 176-құжат) екiншi бөлiмi мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

    "Отанды қорғау кезiнде немесе соғыс қимылдары жүрiп жатқан мемлекеттерде жауынгерлiк борышын өтеу кезiнде алған жарақаты, контузиясы, мертiгуi немесе науқастануы салдарынан 1996 жылдың 1 қаңтарынан кейiн алғаш рет I-II топтағы мүгедек болған адамдарға зейнетақының негiзгi мөлшерiн, егер ол бұдан бұрын арттырылмаған болса, 40 процент, аталған себептер салдарынан III топтағы мүгедек болған адамдарға - 30 процент арттыру белгiленсiн".

    2-бап. Осы Заң 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

    Қазақстан Республикасының Президентi

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.