Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Заң күшi бар Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы

    ЖаңаЗаң
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 қараша 1996 ж.

    Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Заң күшi бар Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы

    1-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 143-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

    35-бапта:

    бiрiншi абзац "азаматтарға" деген сөзден кейiн "бұрын жоғары одақтық атақтар мен наградаларға ие болған, 1996 жылдың 1 қаңтарынан кейiн зейнет жасына келген азаматтарға" деген сөздермен толықтырылсын;

    үшiншi және төртiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын;

    " - "Халық қаhарманы", "Кеңес Одағының батыры" атағын алғандарға, үш дәрежелi Даңқ орденiнiң иегерлерiне - 60 процент;

    - "Социалистiк Еңбек Ерi, "Отан", үш дәрежелi Еңбек даңқы ордендерiнiң иегерлерiне - 40 процент".

    2-бап. Осы Заң 1996 жылғы қаңтардан бастап күшiне енедi.

    Қазақстан Республикасының Президентi

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.