Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сақтандыру туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сақтандыру туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы N 2475 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 19, 115-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
"Мiндеттi сақтандыру ерекшелiктерi, осы Жарлықта көзделгеннен басқа жағдайларда, арнайы заңдармен реттеледi";
2) 5-баптың 2-тармағының бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "Мiндеттi сақтандыру түрлерi, осы Жарлықта көзделгеннен басқа жағдайларда, заң актiлерiмен белгiленедi";
3) 5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Егіндi, көп жылдық өсiмдiктердi, ауылшаруашылық жануарларын, қозғалатын және қозғалмайтын мүлiктi, ауылшаруашылық өндiрiсiнiң өнiмдерi мен тауарларын қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардан, эпизоотиядан және басқа дүлей зiлзаладан мiндеттi сақтандыру белгiленсiн".
Қазақстан Республикасының Президентi
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.