Сауда мақсатында теңiзде жүзуді дамытудың кейбiр мәселелерi

    Күші жойылғанҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Сауда мақсатында теңiзде жүзуді дамытудың кейбiр мәселелерi

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 ақпандағы N 267 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында сауда мақсатында теңiзде жүзудi дамыту тұжырымдамасына сәйкес, ұлттық сауда флотын құру және Ақтау теңiз портының мұнай құятын айлақтарын қайта жаңарту мақсатында, сондай-ақ Ақтау теңiз порты арқылы жүк тасқынын көбейту үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

    1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.16. N 408 қаулысымен.

    2. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 10, 111-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

    Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесiнде:

    3-тармақта "Республикалық" деген сөз "Қазақстан Республика сы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың стратегиялық маңызы бар объектiлерiн мүлiктiк жалға беру жағдайларын қоспағанда, республикалық" деген сөздермен ауыстырылсын.

    3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.