«Қазақстан Республикасы әділет органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 362 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50–бабының 2–тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы әділет органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 362 бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8964 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 ақпандағы № 24 (27645) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қол қойылған күнінен бастап бір аптаның ішінде осы бұйрықтың көшірмесін «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК–на Қазақстан Республикасының Нормативтік–құқықтық актілері эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет–ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Әділет министрі
Б. Имашев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.