«Тұрмыстық зорлық-зомбылық (сұрақнама)» (коды 6942105, индексі БН, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 5 наурыздағы № 44 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық (сұрақнама)» (коды 6942105, индексі БН, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 5 наурыздағы № 44 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10919 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушы
Б. Иманәлиев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің Әкімшілік полиция
комитетінің төрағасы
И. Лепеха ___________________
2016 жылғы «____» ____________
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.