Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №14 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №14 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №3-1/600 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 желтоқсанда №9987 тіркелді) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №14 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4262 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 ақпандағы «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

    аталған қаулымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.К.Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    А.Көлгінов

    2016 жылғы «24» маусымдағы № 196 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша

    2016 жылғы 19 қаңтардағы №14 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген

    Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

    Субсидиялау бағыты
    Өлшем бірлігі
    1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
    Субсидия көлемі
    Субсидия сомасы, мың теңге
    Мал шаруашылығы
    1.
    Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
    бас
    3196
    17883
    57154
    Етті бағыттағы мал шаруашылығы
    1.
    Асыл тұқымды және селекциялық жұмыс жүргізу
    1)
    тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басы
    бас
    18000
    65665
    1181970
    2)
    асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы
    бас
    20000
    9000
    180000
    3)
    жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу
    бас
    104000
    200
    20800
    2.
    Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу
    1)
    отандық асыл тұқымды ірі қара мал
    бас
    154000
    2847
    438438
    3.
    Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату
    1)
    1-деңгей
    кг
    300
    24942
    7483
    4.
    Бұқашықтарды бірінші өндіріс деңгейіндегі бордақылау алаңдарына өткізу
    бас
    24000
    1000
    24000
     
    Барлық сомасы
    1852691
    Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы
    1.
    Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
    1)
    асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы
    бас
    20000
    1179
    23580
    2.
    Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
    1)
    отандық асыл тұқымды ірі қара мал
    бас
    154000
    51
    7854
    2)
    импортталған асыл тұқымды ірі қара мал
    бас
    118000
    350
    41300
    3.
    Сүт өндірісінің құнын арзандату
    1)
    1-деңгей
    кг
    25
    755620
    18890
    2)
    3-деңгей
    кг
    10
    366609
    3666
     
    Барлық сомасы
    95290
    Жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығы
    1.
    Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату
    1)
    2-деңгей
    дана
    2,6
    46750578
    121552
     
    Барлық сомасы
    121552
    Шошқа шаруашылығы
    1.
    Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату
    кг
    98
    350000
    34300
     
    Барлық сомасы
    34300
    Қой шаруашылығы
    1.
    Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
    1)
    тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлардың аналық басы
    бас
    1500
    40419
    60628,5
    2)
    асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымды қойлардың аналық басы
    бас
    1500
    14581
    21871,5
    2.
    Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу
    бас
    8 000
    1000
    8000
    3.
    Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату
    1)
    2-деңгей
    кг
    100
    4920
    492
     
    Барлық сомасы
    90992
    Жылқы шаруашылығы
    1.
    Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу
    бас
    40000
    114
    4560
    2.
    Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату
    кг
    92
    39989
    3679
    3.
    Қымыз өндірісінің құнын арзандату
    кг
    60
    7534
    452
     
    Барлық сомасы 
    8691
     
    Барлығы 
    2260670
    Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:
    кг – килограмм.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.