Қайынды ауылдық округінің Бабатай ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қайыңды ауылдық округінің Бабатай ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 14-01/54 ұсынысы негізінде Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қайыңды ауылдық округінің Бабатай ауылында қой және ешкі малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қайыңды ауылдық округінің әкімі:

    Ә. Н. Мұстафин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.