Аудан әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп тану туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 шілде 2016 ж.

    Аудан әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес Тайынша ауданының әкімі ШЕШТІ:

    1. Аудан әкімінің шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2016 жылғы 2 сәуірдегі N 21 шешімі (Әділет органдарында НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 3678, 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 16 "Тайынша таңы", 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 14 "Тайыншинские Вести" аудандық газеттерінде жарияланған);

    2) «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2016 жылғы 31 наурыздағы N 18 шешімі (Әділет органдарында НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі департаментінде 2016 жылғы 4 сәуірдегі 3677, 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 16 "Тайынша таңы", 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 14 "Тайыншинские Вести" аудандық газеттерінде жарияланған)

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Е. Иманслям

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.