Жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386- бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 341 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есе көтеру туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5537 тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірде «Айна» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратады.
Кезектен тыс сессия төрағасы
С. Лысоченко
Аудандық мәслихаттың хатшысы
А. Тюлюбаев
«Қарабалық ауданы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________М. Омаров
«3» маусым 2016 жыл
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің Қарабалық ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________________ К. Космухамбетов
«3» маусым 2016 жыл
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.