"2001 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 628 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 9 шілдедегі № 927 қаулысын жүзеге асыру туралы
"2001 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiніқ 2001 жылғы 11 маусымдағы N 628 Жарлығын және осы мәселе туралы Үкiмет қаулысын орындау үшiн Шығыс Қазақстан облысынық әкiмияты қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Президентiніқ Жарлығымен бекiтiлген 2001 жылға арналған шет елдерден көшiп келу квотасына сәйкес 5 репатрианттар (оралмандар) отбасылары облыстық қалалары мен аудандарына N 1 қосымшаға сәйкес бөлiнсiн.
2. Репатрианттардық (оралмандардық) отбасыларын қабылдау мен жайластыруға байланысты мәселелердi жедел шешу мақсатында N 2 қосымшаға сәйкес облыстық штаб құрылсын.
3. Көшi-қон және демография басқармасы:
1) өздерiніқ тарихи Отанына қайтуға тiлек бiлдiрген репатрианттарды (оралмандарды) облысқа белгiленген көшiп келу квотасы шеңберiнде қоныстандыруды және жайластыруды қамтамасыз етсiн;
2) оралмандар отбасыларын және олардық үй мүлiктерiн қоныстану пункттерiне дейiн жеткiзiп салуды қамтамасыз етсiн;
3) репатрианттарға (оралмандарға) дер кезiнде бiр жолғы жәрдемақылар төлеудi, көлiк шығындарын өтеудi және оларды тұрғын үймен қамтамасыз етсiн;
4) репатрианттар (оралмандар) отбасыларын қоныстандыруды, қабылдауды және жайластыруды ұйымдастыруға республикалық бюджеттен бөлiнген қаржыларды мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсiн;
5) репатрианттарды (оралмандарды) қоныстандыруға және жайластыруға байланысты облыстық басқармалардық және жергiлiктi жерлердегi атқарушы органдардық жұмыстарын үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
4. Қалалар мен аудандардық өкiмдерi:
1) репатрианттарды (оралмандарды) қабылдауды, жайластыруды және оларға қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасауды қамтамасыз етсiн;
2) репатрианттар (оралмандар) отбасыларынық туыстық байланыстарын және мамандықтарына қарай еңбекке орналастыруды ескере отырып, жинақы қоныстандыру өшін елдi мекендердi анықтасын;
3) тұрғын үйлер құрылысын және шаруашылық жөргiзу үшін белгiленген тәртiппен оларға жер учаскелерiн бөлсiн;
4) репатрианттардық (оралмандардық) балаларын жергiлiктi бюджеттегi бiлiм беру мекемелерiнде тегiн оқытуды және тәрбиелеудi, ересек адамдарды хат тануға, қазiргi кездегi қазақ алфавитiне оқытуды ұйымдастырсын;
5) репатрианттарға (оралмандарға) өз кәсiбiн ұйымдастыруға, ұлттық кәсiптердi жақғыртуға, фермерлiк және шаруа қожалықтарын ұйымдастыру үшін шағын несиелер бөлуге жөрдемдессiн.
5. Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы:
1) облыс аумағына тұрақты тұруға келген репатрианттарды (оралмандарды) әлеуметтiк қамтамасыз ету мәселелерiн, онық iшiнде зейнетақылар мен жөрдемақылар тағайындауды Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес шешсiн;
2) репатрианттар (оралмандар) отбасыларынық еңбекке қабiлеттi ересек мөшелерiн олардық бiлiктiлiгi мен мамандығына сәйкес жұмыспен қамту жөнiнде шаралар қабылдасын.
6. Денсаулық сақтау басқармасы:
1) репатрианттар (оралмандар) отбасылары белгiленген мекен жайларына жеткенге дейiнгi жолдарда санитарлық-тазалық талаптарының орындалуын қамтамасыз етсiн;
2) облысқа келген репатрианттарды (оралмандарды) дәрiгерлiк тексеруден тегiн өткiзудi қамтамасыз етсiн;
3) репатрианттарға (оралмандарға) дәрiгерлiк қызмет көрсетудiқ кепiлдi көлемiн қамтамасыз етсiн.
7. Бiлiм департаментi:
1) репатрианттардық (оралмандардық) мектеп жасындағы балаларын жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқумен толық қамтамасыз етсiн;
2) репатрианттар (оралмандар) балаларынық жоғарғы және орта оқу орындарына түсуi өшін оларға кәсiптiк бағдар берсiн және түсiнiк жұмыстарын жөргiзсiн.
8. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бас кеден басқармасы қажет болған жағдайда қосымша уақытша кеден постыларын ұйымдастырсын.
9. Iшкi iстер басқармасы:
1) репатрианттардық (оралмандардық) облыс аумағы жолдарында және олардық орналасқан жерлерiнде жеке бастарынық және мүлiктерiніқ қауiпсiздiгiн;
2) келген репатрианттарды (оралмандарды) уақтылы тiркеудi және республикалық аумағы бойынша тұруы мен жөрiп тұруына арналған құжаттарды уақытында ресiмдеудi;
3) Қазақстан Республикасынық қолданылып жүрген Заңдарына сәйкес түпкiлiктi тұруға рұқсат алған және Қазақстан Республикасынық азаматтығын қабылдауға тiлек бiлдiрген адамдардық қажеттi құжаттарын ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.
10. Осы қаулынық орындалу қорытындылары туралы облыс әкiмiнің аппаратына үстiмiздегi жылғы 25 желтоқсанға дейiн көшi-қон және демография басқармасы ақпарат төсiрсiн.
11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнің бiрiншi орынбасары Т. Абайдiлдинге жүктелсiн.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Шығыс Қазақстан облысы
әкiмиятының 2001 жылғы
7 қыркүйектегі N 08 қаулысына
N 1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2001 жылға репатрианттар (оралмандар) отбасыларын қабылдау және орналастыру квотасын бөлу
Облыс әкiмi аппаратынық басшысы
Шығыс Қазақстан облысы
әкiмиятының 2001 жылғы
7 қыркүйек N 08 қаулысына
N 2 қосымша
Репатрианттарды (оралмандарды) қабылдау және жайластыру жөнiндегi облыстық штабтық құрамы:
Облыс әкiмi аппаратының басшысы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.