Тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері

    Күші жойылғанӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері

    Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1440 "Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының несие беру Ережелерiн бекiту туралы" және 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 478 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1440 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" қаулыларына сәйкес тұрғын үй құрылысын бюджеттiк қаржыландыруды қамтамасыз ету және ипотекалық несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

    1. Ұсынылып отырған Атырау облысында ипотекалық несиелендiру тетiгiн пайдалану арқылы тұрғын үй құрылысы Бағдарламасын жүзеге асыру үшiн бюджеттiк несиелендiру ережелерi бекiтiлсiн. (қосымша)

    2. Коммуналдық меншiк, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментi (Оспанов В.) Атырау облысының бюджеттiк қаржысынан бюджеттiк несие алатын Банк-несие алушыны анықтау үшiн техникалық тапсырма дайындауды қамтамасыз етсiн.

    3. Облыстық қаржы басқармасы (Әжiғалиева А.) тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелендiру бағдарламасын қаржыландыруға қаржы көзiн қарастырсын.

    4. Осы шешiмнiң орындалуын қадағалау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.Досмағамбетке жүктелсiн.

    Облыс әкiмi

    С.Дәукеев

    Облыс әкiмiнiң

    2001 жылғы 1 тамыздағы

    N 268 шешiмiне қосымша

    Атырау облысында ипотекалық несиелендiру тетiгiн пайдалану арқылы тұрғын үй құрылысы Бағдарламасын жүзеге асырудың бюджеттiк несиелендiру Ережелерi

    Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1440 "Қазақстан Республикасы Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың несие беру ережелерiн бекiту туралы", "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1440 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2000 жылғы 9 сәуiрдегi № 478 қаулыларына сәйкес әзiрленiп, Атырау облысындағы ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру Бағдарламасына қатысу үшiн несиелендiру тетiгiн пайдалана Атырау облысы бюджетiнен несие беру шарттарын және тәртiбiн анықтайды (iлгерi қарай - Бағдарлама).

    1. Жалпы жағдайлар

    1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:

    Несие берушi - Атырау облысының әкiмi немесе оның уәкiлеттiлiгi берiлген жергiлiктi атқарушы орган.

    Бағдарлама әкiмгерi - Коммуналдық меншiк, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментi.

    Қатысушы банк - екiншi деңгейдегi банк немесе бағдарламаның жүзеге асуы үшiн несие алушы банктi анықтау конкурсына қатысу талабына сәйкес келетiн Қазақстан Республикасы ұлттық банкiнiң нұсқауларында көрсетiлген банк операцияларын жүргiзуге өазақстан Республикасы ұлттық банкiнiң лицензиясы бар ұйым.

    Несие алушы банк - Несие алушы банктi анықтау және тұрғын үй құрылысын қоса қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру конкурсының жеңiмпазы болған қатысушы банк ипотекалық несиелендiру бағдарламасын жүзеге асыру үшiн бюджеттiк несие алу және тұрғын үй құрылысын қоса қаржыландыру шартымен өткiзiлген конкурс жеңiмпазы болған қатысушы банк.

    Бюджеттiк несие - Несие берушiнiң облыс бюджетi қаржысынан мерзiмдi, төлемдi және қайтарымды талаптар шартымен берiлетiн ақша.

    Түпкi несие алушы - Тұрғын үй алу үшiн несие алушы Банктен несие алатын жеке немесе заңды тұлға.

    Конкурстық өтiнiш - Бағдарламаның жүзеге асуы үшiн несие алушы банктi анықтау конкурсына қатысу үшiн, осы Ереженiң 11 тармағындағы талаптарға сәйкес қатысушы банк дайындайтын құжаттама.

    Техникалық тапсырма "Тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелендiру тетiгiн пайдалану арқылы қаржыландыру Бағдарламасын жүзеге асыру үшiн Атырау облысы бюджетiнен несие алушы банктi анықтау конкурсына техникалық тапсырма", Коммуналдық меншiк, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Департаментiнiң Директоры 2001 ж. "__" тамызда бекiткен.

    2. Бюджеттiк несиелеу жергiлiктi атқарушы органның тиiстi жылға қабылданған жергiлiктi бюджеттiк атқарылуының құрамдас бөлiгi болып табылады және несие алушы банкке несие беру арқылы жүзеге асырылады.

    Бюджеттiк несие беру туралы келiсiм шартын жасау Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес несиелiк келiсiм-шартпен (келiсiм) ресiмделедi.

    3. Несиелiк келiсiм шарт жасау Атырау облысы әкiмi немесе оны алмастырушы тұлға арқылы жүзеге асырылады. Бағдарламаны қаржыландыру бағдарлама әкiмгерi арқылы жүзеге асырылады.

    4. Бюджеттiк несиелендiрудiң мiндеттi шарты несие берушiнiң мүддесiн қорғау, несие тәуекелiн барынша азайту болып табылады.

    2. Бюджеттiк несиелендiру бағыты

    5. Бюджеттiк несие мақсатты болып табылады және бағдарламаның жүзеге асуы үшiн Атырау облысы Мәслихатының шешiмiмен бекiтiлген сома шегiнде берiледi. Несиелеу кезiнде несие берушi мен несие алушы банк, несие алушы банк пен түпкi несие алушы араларында келiсiм шарттар жасалады.

    3. Бюджеттiк несие түрлерi мен нысандары

    6. Бюджеттiк несие берiледi:

    1) Несиенiң барлық сомасын несие алушы банктiң есеп шотына бiр уақытта аударып отыру немесе оның төлем құжаттарын бiр уақытта төлеу жолымен;

    2) Жылына 0,01 пайызбен сыйақы мөлшерi бойынша 15 жыл мерзiмге; (10 жыл мерзімге негізгі борышты қайтару бойынша жеңілдік кезеңімен);

    3) Ұлттық валютамен.

    7. Бюджеттiк несиелеудiң негiзгi шарттары болып табылады:

    1) Бюджеттiк несиенiң мақсатты пайдалануы;

    2) несие алушы банктiң бюджеттiк несиелеу кезiнде қойылатын талаптарды сақтауы;

    3) бюджеттiк несиенiң белгiленген мерзiмде қайтарымдылығын қамтамасыз ету.

    4. Несие алушы Банкке бюджеттiк несиелер берудiң шарттары мен тәртiбi

    8. Бағдарлама әкiмгерi:

    1) Несие алушы банктерге қойылатын талаптарды белгiлейдi.

    2) Бағдарламаны жүзеге асыруға арналған техникалық тапсырмалар негiзiнде банк-қатысушылар арасында конкурс жариялайды. Несие алушы банктерге қойылатын негiзгi талаптарға мыналар жатады:

    - Бұрын республикалық немесе жергiлiктi бюджет есебiнен алынған несиелер бойынша мерзiмi өткен берешектерiнiң болмауы;

    - конкурс өтетiн күн алдындағы соңғы үш айы iшiндегi Қазақстан Республикасы ұлттық банкiнiң пруденциялық нормативтерiнiң сақталуы (тек екiншi деңгейдегi банктер үшiн);

    - Қазақстан Республикасы ұлттық банкi белгiлеген лимиттердiң сақталуы: екiншi деңгейдегi банктер үшiн - жарғылық және өзiнiң жеке капиталы бойынша ең төменгi мөлшер бойынша; жекеленген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар үшiн қолда бар төменгi жарғылық капиталы бойынша;

    - Бағдарламаны қоса қаржыландыру.

    9. Бағдарлама әкiмгерi Бағдарламаны жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы ұлттық банкiне қатысушы банктер бойынша олардың арасында конкурс өткiзу үшiн қойылатын талаптарды сұранымдарға қосымша жiбередi.

    10. Бағдарлама әкiмгерi Қазақстан Республикасы ұлттық Банкi тiзбегiне сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық банкiнiң оң қорытындысы бар қатысушы банктер арасында конкурс өтiнiмiнiң уақыты көрсетiлген бағдарламаның жүзеге асуы аясында бюджет несиесiн алуға Банктi анықтау үшiн конкурс жариялайды.

    11. Қатысушы Банк конкурстық өтiнiмнiң мiндеттi түрде 2 жинақталымын "Конкурстық өтiнiмнiң түпнұсқасы" және "Конкурстық өтiнiмнiң көшiрмесi" деп көрсетiлiп, конвертке салынып, аузы желiмденген түрде тапсыруы керек.

    Конкурстық өтiнiмнiң түпнұсқасы және көшiрмесi жазу машинкасында басылып, өшпейтiн сиямен жазылуы тиiс және қатысушы Банк басшысының қолы қойылған болуы керек. Қатысушы Банк өкiлеттi уәкiлiне сенiм-хат осындай жағдайлар болғанда конкурстық өтiнiмге тiркелуi керек. Конкурстық өтiнiмде жолдар арасында ешқандай артық сөздер, өшiру немесе қосып жазулар болмауы керек. Егер өатысушы Банк Техникалық тапсырмадағы берiлген шарттар мен талаптарға қатыссыз грамматикалық және арифметикалық қателiктер болған жағдайда, конкурстық өтiнiмге қол қойған тұлғамен бекiтiледi.

    Қатысушы Банк конкурстық өтiнiмнiң түпнұсқасын және көшiрмесiн әртүрлi конверттерге салып, оларды тиiсiнше "Түпнұсқа" және "Көшiрме" деп белгiлеуi керек.

    Бұл конверттерде көрсетiлуi керек:

    1) Жiберушi ретiнде: Қатысушы Банктiң атауы және мекен жайы.

    2) Алушы ретiнде: Бағдарлама әкiмшiлiгiнiң бұқаралық-ақпарат құралдарында конкурсқа шақыру қағазында көрсетiлген мекен-жайы.

    3) Сөздердi сақтау: "Тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелендiру тетiгiн пайдалану арқылы, қаржыландыру үшiн Атырау облысы бюджетiнен несие алушы банктi анықтайтын конкурс" және "Комиссиямен ашылсын". Конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi барлық конкурсқа қатысуға келген банктер уәкiлдерiнiң қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған шақыруында көрсетiлген күнiнде, уақытында және мекен-жайы бойынша ашады.

    Конкурстық өтiнiм келесi мазмұнда болуы керек:

    1) қатысушы Банктiң Бланкiсiндегi бiрiншi басшының қолы бар, қатысушы Банктiң мөрi басылған iлеспе хаты;

    2) ұлттық Банк зайымдық және басқа да банкiлiк операцияларды өткiзудi көздеген лицензиясының нотариалдық тұрғыдан куәландырылған көшiрмесi;

    3) Заңды тұлғаны, жарғы және статистикалық кәртiшкелердiң мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;

    4) Соңғы үш жылдағы жылдық тексерiлген қаржылық есебi;

    5) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс Министрлiгiнiң салық комитетiнен Банк қатысушысының бюджетiне мiндеттi төлемдерi мен салық төлеу мiндеттерiн орындау туралы анықтамалар. Аталған анықтамалар конкурстық өтiнiмдер тапсырылар сәтте берiледi;

    6) Сараптаушы (тексерушi) тексермеген соңғы аралық қаржылық есеп;

    7) Қазақстан Республикасы ұлттық Банкiнiң қаулысымен бекiтiлген активтердi сыныптау, шартты мiндеттер және мәжбүрлi шығын есебi бойынша Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктер туралы Ережеге 1 қосымша.

    Қатысушы банктердiң конкурстық өтiнiмдерiн ұсынудың ақырғы мерзiмi және өтетiн орны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын шақыруда көрсетiледi. қатысушы Банк Техникалық тапсырма ережелерiн түсiну үшiн конкурстық өтiнiмдi қабылдаудың соңғы мерзiмi бiткенге дейiнгi 5 күннiң iшiнде Техникалық тапсырма ережелерiн түсiнiп алуға жазбаша өтiнiш беруге құқылы.

    Бағдарлама әкiмгерi бiр күндiк мерзiмнен қалмай осындай сұранымдарға жауап бередi. өатысушы банктер Конкурстық өтiнiм Конкурстық өтiнiмде оның күшiне ену мерзiмiн көрсету конвертi ашылғаннан кейiнгi 45 күн бойы күшiнде болады. Әрекет ету мерзiмi конкурстық өтiнiмдер конкурстық комиссия талабына жауап бермейтiндiктен қабылданбайды. Конкурске қатысушылар өздерiнiң конкурстық өтiнiмдерiн әсер ету мерзiмi iшiнде қайтарып алуға құқы жоқ. Конкурстық өтiнiмнiң әсер ету уақыты бiткенге дейiн, ерекше жағдайда конкурстық комиссия қатысушы Банктен оның мерзiмiн ұзартуды сұрай алады.

    Бағдарлама әкiмшiлiгiнiң өтiнiшi және оған қатысушы Банктiң жауабы жазбаша түрде ресiмделуi керек.

    Қатысушы Банк Конкурстық өтiнiм мерзiмiн ұзартуға келiскен жағдайда оның әсер ету мерзiмi тиiстi ретпен ресiмделуi және ұзартылуы тиiс. Қатысушы Банк өзiнiң өтiнiмiн Конкурстық өтiнiм берiлудiң ақырғы мерзiмi аяқталғанша қайтарып ала алады. Конкурстық өтiнiмдерге өзгерiстер алдын-ала дайындалуы, конвертке салынуы және конкурстық өтiнiм сияқты ұсынылуы керек.

    Конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың ақырғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн Конкурстық өтiнiмге ешқандай өзгерiстер енгiзiлмеуi керек. Конкурстық өтiнiмдердi Конкурстық өтiнiмдi ұсынудың ақырғы күнi мен Конкурстық өтiнiмнiң әсер ету күшi бiтер күнi аралығында қайтарып алуға рұқсат етiлмейдi.

    12. Бағдарлама әкiмгерi қатысушы Банктi белгiлеген Техникалық тапсырмадағы толық, нақты емес немесе жалған ақпарат берген жағдайда конкурске қатысудан шеттетуге құқылы. Тапсыратын ақпараттың толыққандылығын бағдарлама әкiмгерi белгiлейдi.

    13. Конкурсты өткiзу күнiн, тiркелу уақытын тендерлiк комиссия белгiлейдi.

    14. Конкурстың өткiзiлу тендерлiк комиссия белгiлейдi.

    15. Құжаттарды қарауды және конкурсқа қатысуға жiберiлгендер iшiнен қатысушы Банктердi iрiктеудi Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 25 сәуiрдегi N 160 "Атырау облысында бюджеттiк несиелендiрудi жүзеге асыру туралы" шешiмiмен бекiтiлген конкурстық комиссия жүргiзедi. Конкурстық комиссия мәжiлiсiне арнайы уәкiлдiк берiлген қатысушы Банктiң ресми өкiлi қатысуға құқы бар.

    16. Комиссия мүшелерiнiң және қатысушы Банктерiнiң қатысуымен конкурстық комиссияның хатшысы конверттердi ашады.

    17. Конкурстық комиссия жазбаша түрде себептерiн көрсетiп, конкурстық өтiнiмдi қабылдамайды, егер:

    - қатысушы Банк осы Ереженiң 8 тармағындағы талаптарға сәйкес келмесе;

    - Конкурстық өтiнiм осы Ережелер талаптарына жауап бермесе;

    - қатысушы Банктiң қызметiмен байланысты жағымсыз жұмыс дағдысы болса;

    18. Конкурске қатысушы Банктердiң қабылданбаған Конкурстық өтiнiмi конкурстық iрiктеуден өтпеген болып есептелiп, iлгерi қарай конкурсқа қатыспайды.

    19. Конкурстық өтiнiмдi бағалау конкурстық комиссияның конкурстық өтiнiмдерге, Техникалық тапсырмаларға сәйкес балл беру арқылы жүзеге асырылады.

    20. Техникалық тапсырмаға сай көп балл жинаған конкурстық өтiнiм мен оны жiберген қатысушы Банк үздiк несие алушы Банк болып танылады.

    21. Конкурстық комиссияның шешiмi ашық дауыс беру арқылы және егер оған конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусы берiлсе қабылданған болып есептеледi. Дауыстың тепе-теңдiгi жағдайында төрағаның дауыс берген жақ шешiмi қабылданған болып саналады.

    22. Конкурстық комиссия мәжiлiсi хатталады, хаттамаға конкурстық комиссия мүшелерiнiң барлығы және хатшысы қол қояды. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң ерекше көзқарасы болады. Олар көзқарасы жазбаша түрде конкурстық комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасына тiркеледi. Сонымен қатар қорытынды хаттамаға несие алушы Банктiң де қолы қойылады.

    23. Конкурс нәтижелерi конкурстық комиссия хаттамаларымен ресiмделедi,қатысушы Банк негiзiнде анықталған несие алушы Банктiң атауы, орналасқан жерi, деректемелерi және сонымен бiрге олар ұсынған несиелендiру шарттары көрсетiлген Банк-қарыз алушыдан кейiнгi неғұрлым қолайлы деп танылған қатысушы Банктiң атауы, орналасқан жерi, деректемелерi көрсетiледi.

    24. Конкурс қорытындысымен Бағдарлама әкiмгерi белгiленген тәртiппен банк-несиелендiрушiнi белгiлеу, оның Бағдарламаны жүзеге асыруға қатысу шарттары туралы облыс әкiмi шешiмiнiң жобасын ұсынады.

    25. Тендерлiк комиссияның шешiмi негiзiнде Несие берушi мен несие алушы банк облыстық бюджетте бекiтiлген жылдық сома мөлшерiнде несиелендiру келiсiм шартына отырады. Аталған уақытта несие алушы банктiң кiнәсiмен келiсiм шарт жасалмаса, бағдарлама әкiмгерi конкурстық комиссия шешiмiмен банк несие алушы сұранысынан кейiн тұрған банк-қатысушымен келiсiм жасауға құқы бар. Жасалған несиелендiру келiсiм-шарты 3 күн iшiнде қазынашылық органында тiркеледi.

    26. Несиелеу шартында мiндеттi түрде бюджеттiк несиелендiрудiң мынадай талаптарын ескеру қажет:

    1) келiсiм шарттың бағыты;

    2) несиенiң сомасы;

    3) несиенi беру және қайтару мерзiмi,

    4) Бағдарлама әкiмгерiне дайын тұрғын үйдiң кем дегенде 30% көлемiн сату;

    5) сый ақы есептеу мөлшерлемесi және тәртiбi;

    6) тараптар құқығы және мiндеттерi;

    7) келiсiм-шарт талаптарын орындамаған кездегi ықпал ету шаралары

    8) дауларды шешу тәртiбi;

    9) келiсiм-шарт күшiнiң мерзiмi;

    Бюджеттiк несиелеу кезiндегi пайда болған тараптардың талаптары мен келiспеушiлiктерi жасалған несие келiсiм-шарттары мен Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңға сәйкес шешiледi.

    27. Несиелеу шарты тiркелгеннен кейiн банк несие алушының қаражат алуға сұранымы негiзiнде Несие берушi бюджеттiң орындалу тәртiбiмен ақшаны бағдарлама әкiмгерiнiң бюджеттiк есеп шотынан банк несие алушының есеп шотына аударады.

    Несие берушi өзiнiң несие қоры үлесiн жылдық 0,01% мөлшерлемемен несие алушы банкке бередi. Несие алушы банк Бағдарлама әкiмгерi алдында бюджет қаржысының қайтарылымына толық жауапкершiлiкте болады.

    5. Түпкi несие алушыға банк-несие алушының ипотекалық несиелендiру тәртiбi

    28. Түпкi несие алушыға бюджет несиесiн Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдарына сәйкес, несие алушымен несие келiсiм-шартына отыру және несие алушы банктiң iшкi несиелеу саясатына сәйкес несие алушы банктiң несиелендiру қорынан берiледi.

    29. Несие алушы банк түпкi несие алушының несие өтiнiмдерiн түпкi несие алушының төлем жүргiзу қабылетiне ипотекалық несиенiң өтелмеу тәуекелдiк жағдайына, төлем көзiнiң барына және несиенiң қамтамасыз етiлуiне сараптама жүргiзедi.

    30. Несие өтiнiмiн сараптау қорытындысы негiзiнде несие алушы банк түпкi несие алушыны несиелеу туралы шешiм алады, онымен несиелеу және қозғалмайтын мүлiктi ипотекалау шарттарын жасасады.

    31. Несие алушы банк ипотекалық несиелендiру тетiгiн пайдалана отырып, түпкi несие алушыға несие қорын ұсынады:

    - тұрғын жайдың құнының 30% кем емес үлесiн депозиттiк пайызсыз есеп-шотына төлегенде;

    - тұрғын жайды, өмiрiн және еңбек ету қабiлетiн сақтандырған жағдайда;

    - Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына

    - сәйкес кепiлдiктi қамтамасыз етiлгенде. Кепiлдiк заты сатып алатын тұрғын жай (пәтер) болып табылады.

    6. Бюджет несиелерге қызмет көрсету, өтеу тәртiбi

    32. Негiзгi бережақты өтеудi және есептелген сыйақы төлеудi несие шартына сәйкес жасалған банк-несие алушы жүргiзедi. Бұл жерде төлемнiң мынадай кезегi белгiленедi:

    1) есептелген айыппұлдар мен өсiмдер төлемдерi (бюджеттiк несиенi қайтаруды кешiктiрген жағдайда);

    2) есептелген сыйақылар;

    3) негiзгi бережақты өтеу;

    33. Несиелеу шартында тараптар ұйғарымымен, егер банк-несие алушы несиелеу шартының талаптарын бұзған жағдайда, несиелеу шартын мерзiмiнен бұрын бұзу және нақты берiлген несие сомасын есептелген айыппұлмен қайтарып алу құқығы болуы ықтимал.

    34. Бағдарлама әкiмгерi бюджет несиесiн мақсатсыз пайдалану фактiлерi анықталған жағдайда, банк-несие алушыдан несиелеу шартында қарастырылған мөлшерде мақсатсыз пайдаланылған несие сомасын айыппұлмен бiрге өндiрiп алады.

    7. Несиенi есепке алу және бақылау

    35. Бағдарлама әкiмгерi банк-несие алушының белгiленген тәртiпте және үлгiде тұрақты берiп отыратын есебi берiлген несиенiң мониторингiн жүргiзедi.

    36. Несие алушы банктiң бюджет несиесiн игеруiн, мақсатты пайдалануын уақытында және толық өтелуiн бақылауды Бағдарлама әкiмгерi жүргiзедi.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.