Әлеуметтік сала және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін 2001-2002 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 маусым 2001 ж.

    Әлеуметтік сала және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін 2001-2002 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау туралы

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы N 749 "Қазақстан Республикасының өндірістік және әлеуметтік кешендерін 2001-2002 жылғы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау туралы" қаулыны іске асыру мақсатында және облыс әкімінің 2000 жылғы 27 желтоқсандағы N 4 "2000-2001 ж.ж. жылу беру кезеңіне энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін дайындау және облыс елді мекендерінде санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандырудың күзгі айлығын өткізу қорытындылары туралы" шешімін орындауда облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Коммуналдық меншік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті директорының В.Оспановтың хабарламасы қатерге алынсын.

    2. Қала мен аудан әкімдері:

    1) Коммуналдық қызметтер бережақтарын өндіріп алу үшін комиссия құрып кестелерді бекітсін, олардың орындалуын қамтамасыз етсін;

    2) тұрғындарға және бюджеттік мекемелерге тұтынған коммуналдық қызметтерді есептеу құралдарын қондыру жұмыстарын жалғастырсын;

    3) қысқа дайындық шараларын орындау шегінде пәтер иелері кооперативтерінің тұрғын үйлерді алдағы жылу беру маусымына дайындау жөнінде апта сайын есептері тыңдалсын;

    4) мерзімінде жылу беру және қыс кезінде тұрақты жұмыс істеу үшін әрбір энергетика объектілерін нормативтік отын қорымен қамтамасыз етсін;

    5) табиғи газға көшірілген елді мекендерде тұрғын үйлердің жылу жүйесін газбен жылыту агрегаттарына көшіру жұмыстарын жүргізсін.

    3. Экономика және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы (Ким Г.) 2001 жылдың 15 тамызына дейін отын жеткізушілерді белгілеу жөнінде тендер өткізсін.

    4. Қала және аудан әкімдері, тиісті қызметтердің кәсіпорын мен ұйымдар басшылары тұрғын аймақтарды және бюджет саласының объектілерін жылумен жабдықтау үшін электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз етсін.

    5. Қала және аудан әкімдері, облыстық білім беру департаменті (Есбосынова С.), облыстық денсаулық сақтау департаменті (Нұрғазиев К.), ішкі істер басқармасы (Рақымжанов Т.), еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті (Қайрешев С.), облыстық мәдениет басқармасы (Иманғалиев Б.) және басқа да бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері күзгі-қысқы кезеңіне дайындық шараларын бюджетте қарастырылған қаражат шегінде дер кезінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

    6. Облыстық қаржы басқармасы (Әжіғалиева А.) бюджетті нақтылауда 2001-2002 жылдарғы жылу беру мерзіміне дайындық шараларын қаржыландырылуға 270,0 млн. теңге қарастырсын.

    7. Қала және аудан әкімдері, "Атыраужылуэлектр орталығы" ашық акционерлік қоғамы (Қалиев М.), "Атыраужылужүйелері" ашық акционерлік қоғамы (Ильясов Е.), "Атыраужарық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Рахманов А.), "Атырауоблгаз" ашық акционерлік қоғамы (Бахарев Н.), су құбырлары және канализация басқармасы (Сәдуақасов С.), су дайындау және сумен қамтамасыз ету басқармасы (Қабылов Х., Закиров Р.):

    1) 2001 жылғы 1 шілде айынан бастап ай сайын коммуналдық меншік, құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы департаментіне алдағы жылу беру маусымына дайындықтың орындалу барысы туралы мәлімет беріп отырсын;

    2) барлық жылу беру объектілерінің қысқа дайындығын аяқтауды 2001 жылдың 15 қыркүйегіне қамтамасыз етсін.

    8. "Атыраужылуэлектрорталығы" ашық акционерлік қоғамына (Қалиев М.) кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін жылу орталықтарына 2001 жылдың 15 қыркүйегінен бастап жылу беру кестесін әзірлеу ұсынсын.

    9. Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер басшыларына денсаулық сақтау және білім беру салалары объектілеріне 2001 жылдың 1-қазанында, тұрғын үй қоры бойынша 2001 жылдың 15 қазанында жылу беруді қамтамасыз ету міндеттелсін.

    10. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Ищановқа жүктелсін.

    Облыс әкімі

    С.Дәукеев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.