Облыс аудандарында өсірілетін ауыл шаруашылығы малы тұқымдарының жәйі және олардың тектік қорын сақтауды қамтамасыз ету шаралары туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Облыс аудандарында өсірілетін ауыл шаруашылығы малы тұқымдарының жәйі және олардың тектік қорын сақтауды қамтамасыз ету шаралары туралы

    Ауыл шаруашылығы малдарының тұқымдық және өнімділігі сапасын жақсартуда бірқатар жұмыстар атқарылған, малдың тұқымын жақсартуда, желілері мен типтерін жасауда едәуір тәжірибе жинақталған. Тек соңғы үш жыл ішінде асыл тұқымды қой зауаттары Индер ауданы «есбол» А.Қ. –ына «жаке елтірілі қара түсті қаракөл қойларының зауыттық типі», Құрманғазы ауданы «Сүйіндік» А.Қ-ында – «еділбай қой тұқымының Сүйіндік зауыттық типі» шығарылды. Жаңа «елтірілі, етті-майлы» Атырау қой тұқымының шығарулуы облыс қой шаруашылығында маңызды жетістік болып отыр.

    Бұл қой тұқымы топтастырылған өнімділігімен, қаракөл койы тұқымына тән қаракөл елтірілерін берумен және құйрықты қой тұқымдарына тән тірілей салмағы мен тез жетілгіштігі жағымен ерекшеленген.

    1999-2000 жылдары Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарына 2700 бас асыл тұқымды еділбай қозылары, облыс шаруашылықтарына 2000 бас қаракөл қойлары сатылған.

    Шаруашылық құрылымдарында, олардың меншік түріне қарамасиан, ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымды табындарын құру жұмысы жүргізілуде.

    Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы түйе шаруашылығын, дамытудың шараларын әзірленген. Облыста түйе шаруашылығын жүргізу, түйе сүті мен шұбатын өндіруде жаңа технологияларды жасақтау және енгізу жөнінде Израилдық ғалымдардың қатысуымен семинар өткізілген.

    Алайда, осы жетістіктермен қатар, мал шаруашылығында асылдандыру-іріктеу жұмысының жайы, асыл малдардың тектік қорын сақтауда алынып жатқан шаралар өскелең міндеттер дәрежесіне сай еместігін айтқан жөн. Асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтарда мал басының кеміу мен оның өнімділігінің төмендеуіне жол берілуде. Мұның негізгі себебі қой малының істелген жұмыстардың өтемін төлеуге, баспа-бас айырбасқа, жанар-жағар май алуға және басқа да шаруашылық мақсаттарына айырбас ретінде жұмсалуында.

    Тек 1999-2000 жылдары асыл тұқымды қой малын өсіретін шаруашылықтар осындай мақсаттарға 6420 бас қой жұмсалған.

    Мал басының көптен азаюы Қызылқоға ауданының «Жасқайрат» және «Асыл» акционерлік қоғамдарында жаңа атырау қой тұқымы тектік қоры кезінде халықаралық рыноктың сұранысы мен Үкіметтің әдейі тапсырысына ие болған аспан түсті кқк қаракөл елтірілерінің жойылып кету қаупін туындатын отыр.

    «Сүйіндік» асыл тұқымды қой зауыты акционерлік қоғамында осы уақыт ішінде қой саны 15 пайызға азайған.

    Облыс мал шаруашылығын дәстүрлі салаларына жылқы мен түйе малдарына қамқорлықты күшейтуді қажет етіп отыр. Шаруа қожалықтарындағы, және меншіктердегі сиыр және қашар малдарын қолдан ұрықтандыру өз дәрежесінен төмен жағдайда өткізілуде. Селолық округтер әкімдері бұл маңызды істі ұйымдастырып, жүргізуге әлі де ерекше жауапкершілік танытпай отыр.

    Жергілікті жерлерде шаруашылықты жүргізудің жаңа, тиімді механизмінің қалыптасуынан туындаған нақты мүмкіндіктер толықтай пайдаланылмайды.

    Облыстық әкімият мал шаруашылығы жәйін жақсарту, мал тұқымдарының тектік қорын сақтау және мал өнімдерін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының (Е. Нұршаев) мәлімдемесі қатерге алынсын.

    2. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы Атырау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен (Ш. Кәрімов) бірлесе отырып, осы қаулыда көрсетілген кемшіліктерді жоюдың, іріктеу-асылдандыру жұмыстарын талапқа сай ғылыми негізде жүргізудің шұғыл шараларын алсын.

    3. Аудан әкімдері, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы Атырау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе отырып, үстіміздегі жылғы 1 қыркүйекке дейін әрбір асыл тұқымды мал шаруашылықтары, аудан және бүтіндей облыс бойынша асыл тұқымды малдың тектік тұқымын сақтау, іріктеу-асылдандыру жұмысын жақсарту және мал бачын көбейту шараларын әзірлесін.

    4. Қала, аудан әкімдері, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы барлық ауыл шаруашылығы құрылымдары, шаруа (фермерлік) қожалықтар, басқа да мал иелерінің арасында іріктеу-асылдандыру жұмысының, ауыл шаруашылығы малының тектік қорын сақтау қажеттілігі және экономикалық тұрғыдан оңтайлылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жандандырсын.

    5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Атырау облыстық аймақтық басқармасы (С. Лұқпанов) шекарада ауыл шаруашылығы малдарының қозғалысына бақылау күшейтуге, жұқпалы ауыру түрлерінің тарап кетпеуіне, үй малдары мен жануарлардың есебін тиянақтауға және жергілікті жерде эпизоотикалық жағдайдың сақталуына мал дәрігерлері жауапкершілігін көтерудің нақты шарасын алсын.

    6. Қала, аудан әкімдері, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы облыс әкімінің аппаратына 2002 жылдың 1 қаңтарына қаулының орындау барысы туралы ақпарат берсін.

    7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ. Ищановқа жүктелсін.

    Облыс әкімі

    С. Дәукеев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.