Алматы облысы аумағында алкогольдi iшiмдiктердiң бұлшек саудасын реттеу туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Алматы облысы аумағында алкогольдi iшiмдiктердiң бұлшек саудасын реттеу туралы

    Тұтынушылардың құқығын қорғау және алкогольдi iшiмдiктер сатуды реттеу мақсатында облыс әкiмi ШЕШIМ қабылдады:

    1. Табиғи көлемдеріне қарамастан этил спиртінің көлемдік құрамы 12 проценттен астам алкогольді өнімдерді сатуды тиісті лицензиясы бар көтерме сауда ұйымдарымен сатып алушыларға қызмет көрсетуге арналған станционарлық сауда мекен-жайлары (сауда залдары) және фискалды зерделі кассалық аппараты бар бөлшек сауда ұйымдары жүзеге асыратын тәртіп орнатылсын.

    2. Аудан мен Талдықорған, Текелi, Қапшағай қалалары әкiмдерiне 1998 жылдың мамыр айының 1-не дейiнгi мерзiмде алкогольдi iшiмдiктердi сатуды реттеу шараларын қолдансын:

    - алкогольдi өнiмдi арнайы жабдықталынбаған және сақтауға, сатуға қолайсыз орындарда, жылжымалы саудаларда, облыстағы базар сөрелерiнде, сондай-ақ жеке адамдар арқылы рұксат етiлмеген жерлерде, оқу орындары мен балалар мекемелерiнде жақын жерлерде сатуға тыйым салынсын.

    3. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Асыл-Кеней С.Б.) тұрақты бақылау жасауды қамтамасыз етсiн және қолданып жүрген заңдар жиынтығына сәйкес аталған өнiмдердi рұқсат етiлмеген орындарда сату фактiлерiнiң жолын кесу шараларын қолдансын.

    4. Өнеркәсiп және сауда басқармасы (Ш.Ж. Мәжiденов), санитарлықэпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Талкимбаев А.К.) алкогольдi iшiмдiктердi сату ережелерiнiң сақталуына қатаң бақылау орнатсын.

    Салық полициясы комитеті басқармасымен (В.Н.Кидик) бірге Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің келісімі бойынша 1996 жылғы маусымның 16-ғы N 543-ші "Алкогольді өнімдердің айналымын реттеу жөніндегі шаралар туралы" Үкімет Қаулысының атқарылуына бақылау жасауды жүзеге асырсын.

    5. Облыстық салық комитетi (Сатқалиев М.А.) халық тұтынатын тауарлар мен тағам өнiмдерi бөлшек саудасынан салықтың түсуiне бақылауды күшейтсiн.

    6. Облыс әкiмiнiң баспасөз-хатшысы (Бекболатұлы Ж.) Алматы облысы аумағын бұқаралық құралдар арқылы алкогольдi iшiмдiктердiң бөлшек саудасының реттелетiнi туралы хабарлауын қамтамасыз етсiн.

    7. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.К. Каримуллинаға тапсырылсын

    Облыс Әкiмi

    З. Нұрқадiлов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.