Құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлерді инвесторларға беру жөніндегі конкурстарды өткізу ережелері туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлерді инвесторларға беру жөніндегі конкурстарды өткізу ережелері туралы

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 28 қазандағы "Құрылысы аяқталмаєан тұрғын үйлердi пайдалануға берудi жеделдету жөнiндегi қосымша шаралар туралы" № 1098 қаулысына сәйкес, оған Үкiметтiң 2000 жылғы 13 сәуiрдегi № 565 қаулысымен енгiзiлген өзгерiстердi ескерiп, құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлердi пайдалануға берудi жеделдету үшiн инвесторларды қатыстыру мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:

    1. Құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлердi инвесторларға беру жөнiндегi конкурстарды өткiзу ережелерi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

    2. Қалалардың әкiмдерi құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлердi инвесторларға беру жөнiндегi конкурстарды өткiзу жөнiндегi уәкiлеттi органы болып белгiленсiн.

    3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.В. Рюмкинге жүктелсiн.

    Облыс әкімі

    Ғ. Жақиянов

    Облыс әкiмiнiң

    2001 жылғы 6 ақпандағы

    № 33 шешiмiмен бекiтiлдi

    Құрылысы аяқталмаған тұрєын үйлердi инвесторларға беру жөнiндегi конкурстарды өткiзу ережелерi

    1. Құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлердi инвесторларға беру жөнiндегi конкурстарды өткiзу ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 28 қазандаєы "Құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлердi пайдалануға берудi жеделдету жөнiндегi қосымша шаралар туралы" № 1098 қаулысын, облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 21 тамыздағы "Жекешелендiру мен коммуналдық меншiктi басқару тиiмдiлiгiн арттырудың 2000 - 2001 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы туралы" № 194 шешiмiн орындау үшiн дайындалды.

    2. Құрылысы аяқталмаған тұрған үйлердi пайдалануға берудi жеделдету үшiн инвесторларды қатыстыру ашық конкурстарды өткiзу мақсаты болып табылады.

    3. Ашық конкурстарға шығарылатын құрылысы аяқталмаған тұрған үйлердiң тiзбелерiн қалалардың әкiмдерi жасайды және олар облыс коммуналдық меншiк департаментiнде бекiтiледi.

    4. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi "Мемлекеттiк сатып алулар туралы" Заңы 10-бабының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн кез келген заңды немесе жеке тұлға конкурсқа қатыса алады.

    5. Қаланың әкiмi конкурстық комиссияны құрады (бұдан ірi - Комиссия), оның құрамын бекiтедi және Комиссия мүшелерiнiң санынан төрағаны тағайындайды.

    6. Комиссияның шешiмдерi Комиссия мүшелерiнiң жалпы санынан жай көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыс саны тепе-тең болса, Комиссия төрағасының даусы шешушi болады.

    7. Комиссия өз қызметiн жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiпте:

    жұмысқа сарапшыларды, консультанттар мен басқа да мамандарды қатыстырады;

    уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сараптамалық және жұмыс топтарын ұйымдастырады;

    қажеттi ақпараттық, талдау, анықтамалық-статистикалық материалдарды, сондай-ақ ведомстволық нормативтiк-құқықтық кесiмдердi сұратып алады;

    өз құзыры шеңберiнде конкурс жөнiнде шешiмдер шығарады, олар жұмыс органының орындауына мiндеттi болып табылады;

    инвесторлардың берген мәлiмдемелерiн белгiленген кезеңде қарайды;

    инвесторлардың пәтерлердiң белгiленген санын коммуналдық меншiкке беру туралы мәселенi әрбiр объектi бойынша жеке шешедi.

    8. Комиссия жұмыс органының мiндеттерiн қалалар әкiмдерiнiң сәулет басқармалары (бөлiмдерi) атқарады.

    9. Комиссияның жұмыс органы мынадай мiндеттер атқарады:

    хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап, конкурс өткiзу туралы қатыса алатын инвесторларды хабардар етедi;

    мәлiмдемелердi тiркейдi;

    объектiлер жґнiндегi материалдар (объектi бойынша берешек, аяқталмау кезеңi, басқа да қосымша мәлiметтер) дайындайды;

    өз құзыры шеңберiнде Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi;

    қатыстырылған мамандардың жұмысын қамтамасыз етедi;

    облыс коммуналдық шаруашылық, көлiк және коммуникациялар, коммуналдық меншiк департаменттерiн инвесторларға беру үшiн тiзбеге енгiзiлген құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлер, конкурстың өтетiнi және оның қорытындылары, шарттардың жасасуы және олардың орындалуы туралы хабарлар етедi.

    10. Құрылыс аяқталмаған тұрєын үйлер конкурстық негiзде тапсырылады, олармен қоса үйлер орналасқан жер учаскелерiн де, баланста ұстаушы кәсiпорынның мердiгерлер алдындағы берешегiнiң қалған бөлiгiн өтеу, құрылысты санитарлық-сәулеттiк нормаларды сақтап, үй маңындағы аумақтарды көрiктендiру, Комиссия белгiлеген пәтерлер санын мемлекеттiк тұрғын үй қорына беру шартында тапсырады.

    11. Мүдделi адамдар жоқ болған жағдайда Комиссия конкурсты қайта жариялап, бюджеттiң үйлердi салып бiтiруге үлестiк қатысу туралы мәселенi қалалық мәслихаттың қарауына ұсынады.

    12. Конкурстың өтетiнi туралы хабарлама ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама кем дегенде 15 күн бұрын мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялануы керек, мұндай хабарламада конкурстыѕ өтетiн датасы, орны және уақыты, конкурсқа қатысу үшiн мiндеттi шарттар, мәлiмдемелердiң қабылданатын орны мен мерзiмдерi көрсетiлiп, сондай-ақ берiлетiн объектiлердiң толық сипаттамалары бар (құрылыстың басталу датасы, объект құрылысының аяқталмау кезеңi пайызда көрсетiледi және басқа да қажеттi мәлiметтер) тiзбе берілуi керек.

    13. Конкурсқа қатысушылар тiркеу конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап тiркеледi.

    14. Конкурстық мәлiмдемеде мынадай мәлiметтер болу керек:

    1) Қатысушы алам дейтiн тұрғын үйдi көрсету (құрылыс жүрiп жатқан мекенжай);

    2) бiлiктiлiк туралы куәлiктiң, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге лицензияның болуы;

    3) конкурстық мәлiмдеменiң кепiлдiкпен қамтамасыз етiлуi;

    4) тұлғаның конкурстық мәлiмдемеге қол қою құқығына сенiмхаты болуы;

    5) объектiлер және инвестициялау кезеңдерi, құрылыс объектiсiн iске қосу мерзiмдерi және несиегерлiк берешектiң қалған бөлiгiн өтеу, жұмыс аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк коммуналдық меншiкке берiлетiн тұрғын үй алаңының мөлшерi (пәтерлер саны) жөнiндегi ұсыныстар.

    Комиссия мерзiмiнде берiлген барлық конкурстық өтінімдері қабылдауға мiндеттi. Белгiленген мерзiмнен кейiн өтінімдер берген инвесторлар конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi. Тiркеуден өткен тұлға конкурсқа қатысушының дәрежесiне ие болады.

    15. Ұсыныстар мөр қойылған конверттерде қабылданады, олар конкурстық комиссияныѕ мәжiлiсiнде ашылады.

    16. Комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi, оған Комиссия төрағасы мен мөшелерi қолдарын қояды. Комиссия мүшесiнiң өзiнiң ерекше пiкiрiн жазбаша түрде баяндап, оны хаттамаға қоса тiркеуге құқығы бар.

    Хаттамада мынадай мәлiметтер болу керек: Комиссияның конкурс жеңiмпазы туралы шешiмi, Комиссияның құрамы, өтінімдерін қабылдану датасы мен орны, конкурстың өтетiн датасы мен орны, конкурсқа қатысуға рұқсат берiлген қатысушылар туралы мәлiметтер, конкурсқа қатысуға рұқсат етiлмеген қатысушылар туралы мәлiметтер және осындай шешiмнiң негiздемесi.

    17. Конкурстық мәлiмдемеге олар тiркелгеннен кейiн кез келген өзгерiстер енгiзуге тыйым салынады.

    18. Конкурс қорытындылары бойына қала әкiмi конкурс жеңiмпазымен бiрге объектiнi беру туралы алдын-ала шарт жасасады. Жасалатын шартта оның мәнi, қатысушы жақтардың құқықтары мен мiндеттерi, конкурс жеңiмпазының құрылысты аяқтау мерзiмдерi және несиегерлiк берешектi өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындауын бақылау шарттары көрсетiлiп, екi жақ объектiнi инвестордың меншiгiне беру туралы негiзгi шарт жасасатын мерзiм белгiленедi. Негiзгi келісім-шарт алдын-ала шарттың барлық шарттары орындалғанға дейiн жасала алмайды.

    19. Конкурс жеңiмпазы шарттың мiндеттерiн орындамаған немесе қажеттi түрде орындамаған жағдайда қала әкiмi Комиссияның қарауына алдын-ала шартты бұзу және объектiнi екiншi рет шығару туралы мәселенi шығаруға құқылы.

    20. Объектi мен жер учаскесiне меншiк құқығы Қазақстан республикасының заңнамасында көзделген тәртiпте объектiге меншiк құқығы тіркелген сәттен бастап берiледi.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.