Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер көлiк құралдарына салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тiзбесiн бекiту туралы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 345-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер көлiк құралдарына салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тiзбесi бекiтiлсiн.
2. "Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер көлiк құралдарына салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 шiлдедегi N 938 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 23, 267-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 26 қарашадағы
N 1519 қаулысына қосымша
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер көлiк құралдарына салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тiзбесi
1. Сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар.
2. Мал дәрiгерлiгi қызметiнiң автомобильдерi.
3. Автозообиологиялық зертханалар.
4. Автоазықтасымалдағыштар.
5. Ауыл шаруашылығына арналған автотиеуiштер.
6. Дән сепкiштерге автодәнқұйғыштар.
7. Тыңайтқыш енгiзуге арналған автомашиналар.
8. Ұшақтарға минералдық тыңайтқыштарды және улы химикаттарды автотиеуiштер.
9. Тең штабельдерiн автотасымалдауыштар.
10. Автоулыжемшашқыш.
11. Пәлекжинағыш машиналар.
12. А/ш АН-2 әуе кемесi.
13. Өзi жүретiн дестелегiштер.
14. Астық жинайтын комбайндар.
15. Доңғалақты тракторлар, өзi жүретiн шассилер және оңтайлы энергетикалық құралдар.
16. Мал азығын жинағыш комбайндар.
17. Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi автомобиль-шеберханалар.
18. Өзi жүретiн шөп шапқыштар.
19. Маялағыштар.
20. Жинағыш комбайндар (тамыржемiстiлердi, картопты, қызанақты, көк бұршақты, мақтаны және т.б. жинауға арналған).
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.