1997 жылғы үшжақты келiсiм Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әлеуметтiк-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтiк әрiптестiк туралы" 1994 жылғы желтоқсанның 19-ғы N 1987 Қаулысының орындау барысы туралы
Әлеуметтiк-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы үшжақты әрiптестiк мiндеттемелердiң орындалу барысы туралы хабарламаны тыңдай келе, облыс Әкiмi аппаратының атқарушы органдармен, кәсiпкерлермен және облыстық кәсiподақтар кеңесiмен бiрлесiп, келiсiмдi орындау жөнiнде айтарлықтай жұмыс жүргiзгендiгi атап өтiлсiн.
Есептi, 1997 жыл iшiнде 1996-1997 жылдардағы зейнетақы бойынша борыш толық өтелдi. Қазiргi уақытта 1997 жылғы желтоқсан айы үшiн зейнетақы төленуде. Еңбекақы бойынша қарыз жойылды, 1998 жылғы қаңтардың 1-не бюджеттiк ұйымдар бойынша өтпелi қарыз жоқ.
Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалмаған және кедейленген топтарына әлеуметтiк қолдау көрсету үшiн халықты нақты әлеуметтiк қорғаудың 1997-1998 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы жасалды, оның орындалуы облыс әкiмi аппаратының тұрақты бақылауында.
Халықты жұмыспен қамтудың 1997 жылға арналған облыстық бағдарламасын жүзеге асыру жөнiнде жұмыс жүргiзiлiп, онда әлеуметтiк жағынан нашар қорғалған азаматтарды еңбекке орналастыру мәселесiне ерекше көңiл бөлiндi. Облыста жұмыссыздар санының азаю тенденциясы байқалады.
Еңбек жағдайы мен техника қауiпсiздiгiне бақылауды күшейтудiң шаралары қолданды. Облыстық еңбек және әлеуметтiк қорғау басқармасының құрамында сараптау бөлiмi құрылды. Жергiлiктi жерлерде кәсiподақ ұйымдары ұжымдық шарттар мен еңбек заңдарының сақталуын бақылап отырады. Облыс Әкiмi шешiм қабылдады:
1. 1994 жылғы үш жақты келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әлеуметтiк-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтiк әрiптестiк туралы" N 1987 Қаулысының орындалу барысы туралы хабарлама назарға алынсын.
2. Облыс әкiмi аппаратының бөлiмдерi, аудандар мен қалалардың әкiмдерi, облыстық басқармалар, комитеттер мен ведомстволардың басшылары:
2.1. 1998 жылға арналған үшжақты келiсiмнiң орындалу барысында пәрмендi бақылауды қамтамасыз етсiн;
2.2. Тоқсан сайын келiсiмдi жүзеге асыру жөнiндегi жұмысты қорытындылап, меншiк түрiне қарамастан барлық кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларын әлеуметтiк әрiптестiк жөнiндегi үшжақты комиссияның мәжiлiстерiнде тыңдап отырсын;
2.3. Меншiктiң барлық түрiндегi кәсiпорындар мен ұйымдарда еңбек заңдарын сақтау және ұжымдық шарттарды орындауды қамтамасыз етудiң қажеттi шараларын қолдансын;
2.4. Әлеуметтiк әрiптестiктiң проблемаларын талқылау мақсатында тоқсанына кем дегенде бiр рет әр жақтың өкiлдерiн қатыстыра отырып, дөңгелек стол өткiзудi практикаға енгiзсiн;
2.5. Облыс Әкiмiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әлеуметтiк-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтiк әрiптестiк туралы" 1994 жылғы желтоқсанның 19-дағы N 1987 Қаулысын жүзеге асыру туралы" Облыс Әкiмiнiң 1995 жылғы ақпанның 21-дегi N 2-54 қаулысының орындалу барысы жөнiндегi 1996 жылғы ақпанның 27-дегi N 2-36 шешiмi күшiн жойған болып есептелсiн.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары Ж.Ә. Әмiрхановаға жүктелсiн.
Облыс әкiмi
З. Нұрқаділов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.