1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында соңғы әскерге шақырылған адамдарға материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 24 тамыздағы N 14-5 шешіміне сәйкес облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда әскери қызметін мінсіз атқарғаны үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен марапатталған, 1926-1927 жылдары туған соңғы әскерге шақырылған адамдарға 2001 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2,9 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын материалдық көмек тағайындалсын.
2. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Қ. Нұрғалиевке жүктелсін.
Облыс әкімі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.