Өрт қауіпсіздігі жөнінде облыстық айлық өткізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Өрт қауіпсіздігі жөнінде облыстық айлық өткізу туралы

    Облыста өрт қауiпсiздiгi айлықтарын өткiзiп отыру өрт санының азаюына айтарлықтай әсер еттi. Соңғы 5 жылда облыста өрт санының, одан болатын материалдық шығынның тұрақты түрде азаюы байқалады. Осы жылдарда өрт саны 45,6% кемiдi. Облыс тұрғындарының өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға деген жауапкершiлiгi артты, өртте адамдардың қаза болуы кемiдi.

    Бiрақ оңды алға басу бола тұрғанына қарамастан өрт саны әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Ауылдық жерлерде шаруашылық құрылыстарын және жем шөп қораларын өртеу қауiпi өсе түсуде. Қыстың түсуiне байланысты пеш жағу, электрмен қыздыру приборларын пайдалану кездерiнде болған өрттер саны көбейе түсуде.

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 27-бабын және Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19-I Заңының 13-бабын басшылыққа ала отырып, облыстың тұрғын үйлерi мен шаруашылық объектiлерiнде өрт қауiпсiздiгiн күшейту, өрттердi болдырмау мақсатында әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

    1. 2001 жылдың 1-30 қарашасы аралығында өрт қауiпсiздiгiнiң облыстық айлығы өткiзiлсiн.

    2. Өрт қауiпсiздiгi айлығын өткiзудiң жоспары бекiтiлсiн (жалғанды).

    3. Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттiк өртке қарсы қызмет (Маштаков):

    а) облыстың тұрғын үйлерi мен шаруашылық объектiлерiнде өрт қауiпi жағдайларының алдын алу жөнiнде шаралар алсын.

    Көп қабатты үйлердiң, өрт - жарылу қауіпi бар өндiрiстер мен адамдардың көп болатын объектiлерiнiң өртке қарсы жағдайларына ерекше көңiл бөлсiн;

    б) кәсiпорындар басшыларымен бiрлесiп, еңбек ұжымдарында өртке қарсы шараларды ұйымдастыру жөнiнде практикалық сабақтар өткiзсiн;

    в) облыстың шаруашылық объектiлерiндегi және тұрғын үй секторларындағы өртке қарсы жағдайларды тексеру жөнiнде рейдтер өткiзсiн, оны бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жарияласын.

    4. Облыстық бiлiм басқармасы (Қасымбеков), облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Мырзахметов) оқу, емдеу мекемелерiнде өрт қауiпсiздiгi жөнiнде семинарлар және өрт туындаған жағдайларда адамдарды көшiру жөнiнде практикалық сабақтар өткiзсiн, оқу және емдеу ғимараттарын өртке қарсы тақырыптағы көрнекi үгiт құралдарымен жабдықтасын.

    5. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Тыныбеков):

    а) облыс аумағындағы қолайсыз отбасыларды және тұрақты мекен - жайы жоқ адамдардың тұрағын анықтау жөнiнде учаскелiк инспекторлардың жұмысын жандандырсын. Тұрмыста қауiпсiздiк нормаларын сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырсын;

    б) тұрғын үйлердi, жем шөп қорларын және басқа да облыс тұрғындарының мүлiктерiн қасақана өртеген фактiлердiң тергелуiне бақылауды күшейтсiн.

    6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.К. Чудровқа жүктелсiн.

    Облыс әкiмi

    Қ.Көшербаев

    Облыс әкiмiнiң

    2001 жылғы 1 қарашадағы

    № 47 қаулысына қосымша

    Батыс Қазақстан облысында өрт қауiпсiздiгi айлығы кезiнде алдын-алу шараларын өткiзу ЖОСПАРЫ

    №№
    Шаралардың атауы
    Орындалу мерзiмi
    Орындауға жауаптылар
    1
    2
    3
    4
    1
    Тұрғын үйлердiң және шаруашылық объектiлерiнiң өрт-техникалық жағдайына тексеру жүргiзу (жекеленген кесте бойынша)
    Қараша
    Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бастығы
    2
    Өртке қарсы шараларды ұйымдастыру, адамдардың көп болатын жерлерінде өрт болған жағдайда инженер-техникалық қызметкерлердің іс-әрекеті жөнінде практикалық сабақтар өткізу
    Қараша
    Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бастығы және объектілер басшылары
    3
    Болған өрттер жөнінде облыстық теледидар мен радиодан апта сайын хабарлар ұйымдастыру
    Қазан-қараша
    Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бастығы және облыстық телерадио
    компаниясының төрағасы
    4
    Облыстық білім басқармасымен бірлесіп, мектептерде өрт қауіпсіздігі жөнінде класс сағаттарын және өрт болған жағдайда адамдарды көшіру жөнінде практикалық сабақтар ұйымдастыру және өткізу
    Қараша
    Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бастығы, облыстық білім басқармасының бастығы
    5
    Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, емдеу мекемелерінде өрт қауіпсіздігі жөнінде семинарлар өткізу
    Қараша
    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бастығы
    6
    Облыстың шаруашылық объектілері мен тұрғын үй секторының өртке қарсы жағдайларын тексеру жөнінде рейдтер өткізу. Оның материалдарын бұқаралық аппарат құралдарына беру
    Қараша
    Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бастығы
    7
    Тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі жөнінде жаднамалар шығару
    Қазан
    Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бастығы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.