Облыстық 2001 – 2003 жылдарға арналған облыс оқу орындарын спорттық керек-жарақпен қамтамасыз ету және кешендік спорт алаңдарын қайта жаңарту жөніндегі бағдарламасы туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 мамыр 2001 ж.

    Облыстық 2001 – 2003 жылдарға арналған облыс оқу орындарын спорттық керек-жарақпен қамтамасыз ету және кешендік спорт алаңдарын қайта жаңарту жөніндегі бағдарламасы туралы

    Облыс білім беру департаментінің бастығы З.П. Овчинникованың облыстық 2001 - 2003 жылдарға арналған облыс оқу орындарын спорттың керек-жарақпен қамтамасыз ету және кешендік спорт алаңдарын қайта жаңарту жөніндегі бағдарламасы туралы хабарламасын тыңдап және талқылап, облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

    1. Облыстық 2001 - 2003 жылдарға арналған облыс оқу орындарын спорттық керек-жарақпен қамтамасыз ету және кешендік спорт алаңдарын қайта жаңарту бағдарламасы (одан әрі - Бағдарлама) - бекітілсін.

    2. Облыс білім беру департаменті (Овчинникова З.П) жыл сайын 10 қаңтар мерзіміне орай облыстық Мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына бағдарламаның орындалуы туралы хабарлайтын болсын.

    3. Облыс қаржы департаменті 2001 жылы бағдарламаның дер кезінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бағдарламаның орындалуына бақылауды жасау облыстық Мңслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына (Лебедь В.Д.) жүктелсін.

    II сайланған облыстық Мәслихаттың

    ХІІ сессиясының төрағасы

    О. Қайыргельдинов

    Облыстық Мәслихаттың хатшысы

    Т. Айтқазин

    Облыс мәслихаттың

    2001 жылғы 25 мамырдағы

    шешiмiне қосымша

    2001 - 2003 жылдарға арналған мемлекеттiк оқу орындарын спорт керек-жарақтарымен қамтамасыз ету және кешендiк спорт алаңдарын қайта жаңарту жөнiндегi ОБЛЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМА

    1. Бағдарлама төлқұжаты

    Атауы: Мемлекеттiк оқу орындарын спорт керек-жарақтарымен қамтамасыз ету және кешендiк спорт алаңдарын қайта жаңарту жөнiндегi облыстық бағдарлама

    Әзiрлеуге негiздеме: Облыс әкiмiнiң тапсырмасы

    Негiзгi әзiрлеушi: Облыс бiлiм департаментi

    Мақсаты: Салауатты өмiр салтын қалыптастыру, балалар денсаулығын сақтау және нығайту. Оқушылардың жүйелi түрде өздiгiнен дене шынықтыру қажеттiлiгiн қалыптастыру. Дене шынықтыру негiздерiне үйрету, балаларды өздiгiнен дене тәрбиесi және спортпен шұғылдануға тарту

    Мiндеттерi: Дене шынықтыру және спортпен шұылдануға жағдайлар туғызу, әр оқушының дене тәрбиесiн жетiлдiру

    Қаржыландыру көздерi: Облыстық бюджет қаражаты

    Күтiлетiн нәтиже: Салауатты өмiр салтын бекiту, оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға ықпал ету. Оқушылардың бос уақыты ұйымдасқан түрде өтуiне бақылау жасау.

    Жасөспiрiмдер арасындаєы құқық бұзушылықтың алдын-алу

    2. Кiрiспе

    Бағдарлама облыс әкiмiнiң тапсырмасына сәйкес жасалды.

    Бiлiм саласындағы қазiргi заманғы тұжырымдамалар және бiлiм беру iсi алдындағы мiндеттер қоғамда салауатты өмiр салтын енгiзу, оқушылар арасында дене тәрбиесi және спортпен шұғылдануға жағдай жасау қажеттiгiн туғызып отыр.

    Бағдарлама облыстағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайды, сонымен қатар жас ұрпақтың дене тәрбиесiн жетiлдiру болашағын ескере жасалды.

    3. Мәселенiң қазiргi жай-күйiне талдау

    Облысымызда оқушылардың салауатты өмiр салтын қалыптастыру бағдарламасы әзiрлендi және қолданылып отыр. Осы бағдарлама шеңберiнде спорттық-сауықтыру жұмыстарының әр түрлi нысандары дамып, шынықтырудың дәстүрлi емес түрлерi насихатталуда, дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру жетiлдiрiлуде.

    Балалар мен жастар арасында спорттық-бұқаралық және сауықтыру жұмыстары салауатты өмiр салтын насихаттау жұмыстарының нәтижелi түрi болып табылады. Осы мақсатпен спорттың 12 түрi бойынша жыл сайын мектеп және кәсiптiк-техникалық мектептер, колледждер оқушыларының облыстық спартакиадалары өткiзiлiп отырады. Бiлiм жүйесiнде дене шынықтыру мен спортты дамыта түсу стратегиясы денсаулықты нығайтуды, қозғалыс қабiлеттерiн жан-жақты дамытуға мектеп сабақтарының негiзгi мазмұнын толықтыратын дене шынықтыру сабақтарының мектептен тыс түрлерiн жетiлдiрудi қамтамасыз ететiн мектепке дейiнгi мекемелердегi және мектептегi дене тәрбиесi сабақтарының базалық мазмұнын жетiлдiруге бағытталған.

    Солай бола тұрса да, соңғы 10-12 жыл iшiнде бiлiм мекемелерiнде спорттық ғимараттардың жөндеуi жүргiзiлмедi, спорт құрал-жабдықтары сатып алынбады. Бұл дене тәрбиесi сабақтары мен қалалар және аудандар деңгейiндегi жарыстардың өткiзiлу сапасына әсер еттi.

    4. Бағдарламанығ мақсаттары мен мiндеттерi

    Бағдарламаның басты мақсаттары:

    салауатты өмiр салтын қалыптастыру, балалардың денсаулығын сақтап, нығайту, олардың жүйелi дене шынықтыру қажеттiгiн тәрбиелеу;

    дене тірбиесi құралдарын, табиғат факторларын сабақтарда ұтымды пайдалануға, дұрыс қимылға, шыныға бiлуге үйрету;

    дененi жаттықтыру негiздерiне үйрету, балаларды өздiгiнше дене тәрбиесi және спортпен айналысуға тарту.

    Негiзгi мiндеттерi:

    iстеп тұрған дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектiлерiн сақтау; дене шынықтыру -спорттық тауарлармен қамтамасыз ету; дене шынықтыру - спорттық iс-шаралардыѕ өткiзiлуiн жетiлдiру; дене шынықтыру - сауықтыру топтарын, секцияларын құру, спорттық - бұқаралық жұмыстарды ұйымдастырудың жаға нысан-дарын тарату;

    5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және жүзеге асыру механизмi

    Бағдарламаны ұйымдастыру және орындалуын бақылау облыс бiлiм департаментiне жүктеледi. Бiлiм департаментi:

    оқушылардың дене тәрбиесi бiлiмi мен оқыту тәжiрибесi мiндеттерiн шешу үшiн дене тәрбиесi құралдарының мақсатты пайдаланылуын; мектепке дейiнгi жастаєы балалардың аптасына ұзақтығы 10-12 сағаттық ғылыми-дәлелдi қимыл белсендiлiгi көлемiнiң орындалуын бақылауды; оқушы жастардың аптасына ұзақтығы 8-10 сағаттық қимыл белсендiлiгi көлемiнiң орындалуын бақылауды;

    жасөспiрiмдердiң физиологиялық даму ерекшелiктерiн ескерiп, қыз балалар мен ер балалар үшiн дене тәрбиесi сабақтарының бөлек өткiзiлуiн 5-шi сыныптан бастап енгiзудi;

    Бағдарламаның барлық ережелерiнiң орындалу барысына ұдайы бақылау жасауды қамтамасыз етедi.

    6. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi

    Облыстық бюджет қаражаты, "Жергiлiктi деңгейде жалпы бiлiм беру" 2632000 бағдарламасы.

    Бағдарлама iс-шараларымен құрамына жалпы орта бiлiм мектептерi жалпы орта бiлiм беретiн интернат мекемелерi, кәсiптiк мектептер мен лицейлер енген облыстың 302 оқу орындары қамтылады 115 млн. 769 мың теңге сомаға спорттық керек-жарақтармен қамтамасыз ету жоспарлануда. Соның iшiнде:

    2001 жылы - 48 мектеп үшiн 23362 мың теңге;

    2002 жылы - 138 мектеп үшiн 46146 мың теңге;

    2003 жылы - 116 мектеп үшiн 46118 мың теңге.

    7. Бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтиже

    Бағдарламаның орындалуы дене тәрбиесi пәнi бойынша оқу бағдарламаларын сапалы орындауға, мектептегi дене тәрбиесi сабақтарының дене бiлiмi сабақтарына айналуына, балалардың дене бiтiмдерiн жетiлдiруге және салауатты өмiр салтына тұрақты қажеттiлiгiн тәрбиелеуге қол жеткiзедi.

    Бағдарламада белгiленген iс-шаралардың орындалуы 2001 - 2003 жылдары облыстың 302 мектебiне 9500 жұп шаңғы, 3250 жұп коньки, 7000 -нан астам доп алуға мүмкiндiк бередi, бұл мiндеттi дене тәрбиесi сабақтарын өткiзу сапасын арттыруға, қосымша 100 мыңнан астам оқушыны сыныптан тыс секция жұмыстарымен қамтуға, әр тұрлi жарыстарға 70% балалар мен жасөспірiмдердi тартуға қол жеткiзедi.

    Кешендiк спорт алаңдарын жаңарту 251 мектепте өткiзiледi және оқушылардың денсаулығына пайдасы тиетiн көп уақыты таза ауада өткiзiлетiн оқу және сыныптан тыс сабақтардың жүруiне мүмкiндiк бередi.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.