"Жер салығын есептеудің және төлеудің тәртібі туралы" N 34 Нұсқаулығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің 1998 жылғы 10 шілдедегі N 62 бұйрығымен бекітілген "Жер салығын есептеудің және төлеудің тәртібі туралы" N 34 Нұсқаулығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
І бөлімде:
1-тармақтың екінші азатжолындағы "жер үшін төлем" деген сөздерден кейін "Мемлекет беретін" деген сөздермен толықтырылсын және "нысанда" деген сөз "нысандарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
ІІІ бөлім:
4-тармақтың бірінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер учаскелері жер салығы салынатын объектілер болып табылады. Атап айтқанда, жер учаскелеріне мыналар жатады:";
5-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
"Жерлерді санаттарға жатқызу, сондай-ақ олардың арналған мақсаты өзгеруіне байланысты жерді бір санаттан екінші санатқа ауыстыру атқарушы органдардың шешімі бойынша олардың құзыретіне сәйкес жүргізіледі.".
IV бөлімде:
6-тармақта:
мынадай мазмұндағы бесінші азатжолмен толықтырылсын:
"Заңды және жеке тұлғалардың жерді немесе басқа құжатты иелену немесе пайдалану жөніндегі, жер учаскесін иелену немесе пайдалану құқығын растайтын акт болмаған жағдайда, бұл тұлғаларды жер учаскесі бойынша салық төлеушілер деп тану үшін осы жер учаскесін иелену, басқару және пайдалану құқықтарды олардың іс жүзінде іске асыруы негіз болып саналады.";
бесінші - он бірінші азатжолдар тиісінше алтыншы - он екінші азатжолдар болып есептелсін;
14-тармақтар үшінші, төртінші және бесінші азатжолдарындағы "шеттету жолдарымен" деген сөздер "қорғалатын аймақтармен" деген сөздермен ауыстырылсын.
VI бөлімде:
33-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші азатжолмен толықтырылсын:
"Мысал:
Қостанай қаласында жер салығының 1 шаршы метрі үшін 3,25 теңге ставкасы кезінде төмендетілген базалық ставканың шекті мөлшері 2,275 теңгені (базадан 70%) құрауы керек.
Жер салығын белгілеу үшін осы ставкаға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығының 107-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін коэффициент қолданылады;
екінші және үшінші азатжолдар тиісінше үшінші және төртінші азатжолдар болып есептелсін.
VII бөлімде:
34-тармақтың үшінші және төртінші азатжолдарындағы "және басқа ғимараттарды" "және басқа қондырғылар" деген сөздерден кейін "қорғалатын аймақтарды" және "қорғалатын аймақтар" деген сөздермен толықтырылсын.
XIV бөлімде:
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Мынадай:
1) елді мекендердің жалпы пайдаланымындағы;
2) жалпы пайдаланымдағы мемлекеттік автомобиль жолдарының желілері алып жатқан;
3) Астана қаласында құрылыс салуға құрылыс кезеңінде, бірақ үш жылдан аспайтын уақытқа пайдаланылып жатқан;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тұмшаланып отырған объектілер алып жатқан жер учаскелерінен салық алынбайды.
Жалпы пайдаланудағы елді-мекендердің жеріне алаңдар, көшелер, өткінші тұстар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жаға-жайлары және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған басқа да
объектілер орналасқан жерлер жатады.";
63 және 65-тармақтар алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдістемелік кеңесінде келісілді 1998 жылғы 10 шілде, N 34 хаттама
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.