Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы

    ЖаңаЖарлық
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 тамыз 2016 ж.

    Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабына, 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    1. 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін мыналарға:

    1) "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдануға;

    2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын беруге;

    3) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге мораторий жариялансын.

    2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

    1) осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыруға бағытталған заңнамалық түзетулер енгізуді қамтамасыз етсін;

    2) жер реформасы жөнінде Комиссия құрсын;

    3) Осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

    3. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды қамтамасыз етсін.

    4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

    5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті

    Н.На­зар­ба­ев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.