Маңғыстау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 15 сәуірдегі №12/149 «Жер салығының ставкаларының түзету коэффициентінің мөлшері туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 шілде 2016 ж.

    Маңғыстау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 15 сәуірдегі №12/149 «Жер салығының ставкаларының түзету коэффициентінің мөлшері туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, Маңғыстау аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Маңғыстау аудандық Мәслихатының 2009 жылғы 15 сәуірдегі №12/149 «Жер салығының ставкаларының түзету коэффициентінің мөлшері туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-5-78 болып тіркелген, аудандық «Жаңа өмір» газетінің 2009 жылғы 3 маусымда №26 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. «Маңғыстау аудандық Мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы (Е.Қалиев) осы шешімді бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрағасы

    Б.Құсымбаев

    Аудандық Мәслихаттың хатшысы

    А.Сарбалаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.