Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 сәуірдегі «Көкпекті аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» № 22-6/2 шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 сәуірдегі «Көкпекті аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» № 22-6/2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3290 тіркелген, «Жұлдыз»-«Новая жизнь» газетінің 2014 жылғы 25 мамырдағы № 43 жарияланған) шешімінің, Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 тамыздағы № 27-5/3 «Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 22-6/2 «Көкпекті аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3483 тіркелген, «Жұлдыз»-«Новая жизнь» газетінің 2014 жылғы 21 қыркүйектегі № 76 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы
Г. Шаймарданова
Аудандық мәслихат хатшысы
Т. Сарманов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.