Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 шілде 2016 ж.

    Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37 - бабына, « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Алматы облысы әкімдігінің келесі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:

    1)облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 тамыздағы «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 297 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 27 тамызында № 2896 тіркелген, 2014 жылғы 04 қыркүйектегі № 102 «Жетісу», 2014 жылғы 04 қыркүйектегі № 102 «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған) қаулысы.

    2) Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қарашадағы «Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 297 «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 495 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 11 желтоқсанында № 3610 тіркелген, 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 144 «Жетісу», 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 144 «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған) қаулысы.

    2. «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:

    1) Алматы облысының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;

    2) осы қаулының ресми баспа басылымарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Өнербаевқа жүктелсін.

    Облыс әкімі

    А. Баталов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.