Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы «Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» №92 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37 – бабына, « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы «Алматы облысының туризм басқармасы мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 92 «Алматы облысының туризм басқармасының Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 26 наурызында № 3108 тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 39 «Жетісу», 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 39 «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. «Aлматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:
1) Aлматы облысының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.
Облыс әкімі
А. Баталов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.