"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

    ЖаңаЗаң
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 маусым 1997 ж.

    "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

    "Бюджет жүйесi туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 20-21, 402-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

    6-баптың жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    "Қаржыландыру" - борыштың негiзгi сомасын өтеудi шегерiп тастағанда бюджетке түсетiн қарыз алу жөнiндегi түсiмдердi немесе қарыз алу жөнiндегi түсiмдердi шегерiп тастағанда бюджет профицитiн борыштың негiзгi сомасын өтеуге бөлудi қамтиды";

    9-баптың 1-тармақшасының он бiрiншi абзацы "бюджетке берiлетiн" сөздерiнен кейiн "және Зейнетақылар төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлемдерiн жасау үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;

    18-баптың 3-тармағындағы "мөлшерi, оны жабу көздерi" деген сөздер "бюджет (профицитiнiң) мөлшерi" деген сөздермен ауыстырылсын.

    23-бапта:

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    "3. Республикалық бюджет туралы заңда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алуы нәтижесiнде пайда болған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк борышының лимитi, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кепiлдiктерiнiң лимитi бекiтiледi, сондай-ақ аталған мемлекеттiк борышқа қызмет көрсетуге арналған қаражат көзделедi";

    4-тармақ алынып тасталсын;

    5-тармақ 4-тармақ болып есептелсiн;

    25-баптың 4-тармағы "өзгерiстер енгiзуге" деген сөздерден кейiн "және республикалық бюджеттiң тапшылығын жабу көздерiн өзгертуге" деген сөздермен толықтырылсын;

    27-бапта:

    бiрiншi бөлiк "атқарушы органдар" деген сөздерден кейiн "Бюджеттiң құрастырылу және атқарылу ережелерiне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

    екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

    "Секвестрлеуге жатпайтын шығыстар түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Парламентi мен жергiлiктi өкiлдi органдар тиiстi жылға арналған бюджеттер туралы заң мен шешiмдерге белгiлейдi";

    үшiншi бөлiк алынып тасталсын.

    Қазақстан Республикасының Президентi

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.