«Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 296 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 296 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11001 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20мамырда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі келесі мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«
|
4
|
Ақпарат алу
|
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру
|
|
Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру
|
||
|
Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру
».
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін онжұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларындағы іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
___________ А. Мамытбеков
2016 жылғы «19» ақпан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
___________ Б. Имашев
2016 жылғы «8» қаңтар
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
___________ А. Сәрінжіпов
2016 жылғы «3» ақпан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2016 жылғы « 12» ақпан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің м.а
___________ Қ. Өскенбаев
2016 жылғы «21» қаңтар
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
___________ Қ. Қасымов
2016 жылғы «14» қаңтар
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.