Корнеевка ауылдық округіндегі көшелерді қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 мамыр 2016 ж.

    Корнеевка ауылдық округіндегі көшелерді қайта атау туралы

    Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Корнеевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Керней ауылындағы Буденный көшесінің атауы – Ақбұлақ көшесі болып, Керней ауылындағы Дмитров көшесінің атауы – Тәуелсіздік көшесі болып, Керней ауылындағы ДЭУ учаскесі Тракторная көшесінің атауы –Сарыарқа көшесі болып, Керней ауылындағы Заречная көшесінің атауы –Достық көшесі болып, Керней ауылындағы Калинин көшесінің атауы – Омар көшесі болып, Керней ауылындағы Первомайская көшесінің атауы –Бейбітшілік көшесі болып, Керней ауылындағы 2 Первомайская көшесінің атауы – Егемен көшесі болып, Алғабас ауылындағы Заречная көшесінің атауы – Достық көшесі болып, Алғабас ауылындағы Центральная көшесінің атауы – Мәдениет көшесі болып, Алғабас ауылындағы Школьная көшесінің атауы–Бейбітшілік көшесі болып қайта аталсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Корнеевка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы

    А. Жумкенова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.