2016 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Байзақ ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2016 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата - ананың ақы төлеу мөлшерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. «Байзақ ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi аталған қаулыны баспасөз беттерiнде және жергiлiктi атқарушы органның интернет – ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Сағындық Жұмағұлұлы Кенжебаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі
М. Шүкеев
Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы №230 қаулысына қосымша
2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлкеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
|
№
|
Мектепке дейінгі мекемелер
|
Мемлекеттік білім беру тапсырысы, (орын) оның ішінде қаржыландыратыны
|
Бір айға шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге), оның ішінде қаржыландыратыны
|
Бір айға ата-анан
ың ақы төлеу мөлшері
|
|||
|
Республи
калық нысаналы трансферт
тер есебінен
|
Жергілікті бюджет есебінен
|
Республика
лық нысаналы трансферттер есебінен (тенге)
|
Республика
лық бюджеттен қаржыланды
рылатын балабақшаларға, шағын орталықтарға жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаржы
|
Жергілікті бюджет есебінен (тенге)
|
|||
|
Шағын орталықтар
|
|
|
19599
|
2000
|
13015
|
4000
|
|
|
Бала-бақшалар:
|
|
|
|
|
|
5000
|
|
|
1
|
30 балаға дейін
|
95
|
30
|
19599
|
30000
|
35000
|
5000
|
|
2
|
31-ден 50 балаға дейін
|
145
|
150
|
19599
|
30000
|
34000
|
5000
|
|
3
|
51-ден 75 балаға дейін
|
145
|
250
|
19599
|
18000
|
29000
|
5000
|
|
4
|
76-дан 100 балаға дейін
|
180
|
200
|
19599
|
16000
|
26000
|
5000
|
|
5
|
101-ден 175 балаға дейін
|
425
|
220
|
19599
|
19000
|
22000
|
5000
|
|
6
|
176-ден 200 балаға дейін
|
360
|
0
|
19599
|
3000
|
21000
|
5000
|
|
7
|
201-ден 250 балаға дейін
|
0
|
210
|
19599
|
2000
|
21000
|
5000
|
|
8
|
250-ден жоғары
|
280
|
0
|
19599
|
2000
|
21000
|
5000
|
|
9
|
жекеменшік балабақша (аудан орталығы)
|
75
|
0
|
19599
|
|
|
7200
|
|
10
|
жекеменшік балабақша (ауылдық жерде)
|
75
|
0
|
19599
|
|
|
5000
|
|
|
Барлығы
|
1780
|
1060
|
|
|
|
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.