Ақөре ауылындағы көшелерді қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ақөре ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақөре ауылындағы Первомайская көшесінің атауы – Достық көшесі болып, Ақөре ауылындағы Октябрьская көшесінің атауы – Жеңіс көшесі болып, Ақөре ауылындағы Школьная көшесінің атауы – Бейбітшілік көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақөре ауылының әкімі
А. Сыздыков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.