Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 ақпандағы «Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» №58 қаулысының күші жойылған деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 ақпандағы «Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» №58 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 11 наурызында №3751 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. «Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:
1) Алматы облысының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Өнербаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі
А. Баталов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.