Ақжайық аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №16-2 «Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №16-2 «Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3419 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы «Жайық таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
8-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға АЕК-тің 50 пайыз мөлшерінде көрсетіледі.»;
9-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қатерлі ісікпен ауыратындарға, емделудің сүйемелдеу кезіндегі туберкулезбен ауыратындарға, аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) гемодиализ аппаратын қабылдайтын бірінші топ мүгедектеріне, табыстарын есепке алмай 50 АЕК мөлшерінде көрсетіледі;».
2. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы (Т.Горбунова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы
С.Дошанова
Мәслихат хатшысы
С.Сиражев
«КЕЛІСІЛДІ»
Батыс-Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
__________М.Тоқжанов
24.06.2016 ж.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.