Ескі-Шу ауылдық округі Еңбекші ауылы аумағына карантин белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 ақпан 2016 ж.

    Ескі-Шу ауылдық округі Еңбекші ауылы аумағына карантин белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабына сәйкес және Шу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 19 ақпандағы №43 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ескі-Шу ауылдық округінің Еңбекші ауылы аумағында жылқылардың індетті лимфангит ауруының пайда болуына байланысты Ескі-Шу ауылдық округінің Еңбекші ауылы аумағына карантин белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескі-Шу ауылдық округінің бас маманы А.Кулмбетоваға жүктелсін.

    3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Ескі-Шу ауылдық округінің әкімі

    Ж. Рысмендеев

    Ескі-Шу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 10 «Ескі-Шу ауылдық округіндегі Еңбекші ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы» шешіміне келісу парағы

    «К Е Л І С І Л Д І»

    «Жамбыл облысы Ішкі істер

    Департаментінің Шу аудандық

    Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік

    мекемесі

    Басшы ___________ Ш. Жапабаев

    22 ақпан 2016 жыл

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрлігі

    ветеринариялық бақылау және

    қадағалау комитетінің Шу аудандық

    аумақтық инспекциясы мемлекеттік

    мекемесі

    Басшы ___________ С.Таңсықов

    22 ақпан 2016 жыл

    Қазақстан Республикасы

    тұтынушылардың құқықтарын қорғау

    агенттігінің Жамбыл облысы тұтынушылардың

    құқықтарын қорғау департаментінің

    «Шу ауданы бойынша тұтынушылар

    құқығын қорғау басқармасы»

    мемлекеттік мекемесі

    Басшы ___________ М.Болотин

    22 ақпан 2016 жыл

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.