Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық қызметінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 қазандағы № 701 Жарлығы;
2) «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 қазандағы № 701 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 699 Жарлығы.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.