Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаҚазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 наурыз 2016 ж.

    Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 2-тармағына, Сенат Регламентінің 1 және 175-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    1. 46-тармақта:

    бірінші абзац алып тасталсын;

    екінші абзацтағы «Заң» деген сөз «46. Заң» деген сөздермен ауыстырылсын.

    2. 102-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Сенаттың тұрақты комитеттерінің ұсынысы бойынша басқа мемлекеттердің парламенттерімен (парламенттер палаталарымен) және халықаралық парламенттік ұйымдармен ынтымақтастық топтарын құрады, сондай-ақ Сенат депутаттарын халықаралық, мемлекетаралық парламенттік ұйымдардың және органдардың құрамына қосады (жібереді), олардың құрамына өзгерістер енгізеді;».

    3. 165-тармақ мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:

    «Заң шығарушылық жұмыстың тұжырымдамалық жоспарын келіседі;».

    4. 173-2-тармақтағы «, сондай-ақ ынтымақтастық жөнінде топтар құруға» деген сөздер алып тасталсын.

    Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы

    Қ. ТОҚАЕВ

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.